Мақалада посттравматикалық стресс бұзылысының (ПТСБ) психикалық және мінез-құлық денсаулығына әсеріне клиникалық-психологиялық талдау ұсынылған. ПТСБ және күрделі ПТСБ феномендеріне теориялық шолу мен олардың депрессия, үрей және аддиктивті бұзылыстармен жоғары коморбидтілігін, сондай-ақ эмоциялық реттелудің бұзылуы мен агрессивті мінез-құлықпен байланысын көрсетеді. Эмпирикалық бөлім 398 ата-ананы құрайтын таңдамаға негізделіп, балалық шақтағы зорлық-зомбылық тәжірибесі, ересек жастағы ПТСБ симптомдары және зорлық-зомбылыққа негізделген тәрбиелік тәжірибелердің арасындағы байланысын анықтады. Мақалада психикалық травманың ұрпақаралық трансляциясының клиникалық-психологиялық моделі ұсынылған. Зерттеудің жаңалығы – теориялық және эмпирикалық деректерді Қазақстанның әлеуметтік-мәдени контекстінде біріктіру және ПТСБ-ды ерте диагностикалау мен психопрофилактика бағдарламаларын енгізу қажеттілігін негіздеу.
ПОСТТРАВМАТИКАЛЫҚ СТРЕСС БҰЗЫЛЫСЫ, ОНЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ӘСЕРІ: КЛИНИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ (АТА-АНА АГРЕССИЯСЫ МЫСАЛЫНДА)
Жарияланған December 2025
25
14
Аңдатпа
Тіл
Русский
Кілтті сөздер
посттравматикалық стресс бұзылысы
психикалық денсаулық
мінез-құлық денсаулығы
ата-ана агрессиясы
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Суюндыкова, Н., Есимов, Н. , Измаилова, Н., Есимова, А. і Sin , K.F. 2025. ПОСТТРАВМАТИКАЛЫҚ СТРЕСС БҰЗЫЛЫСЫ, ОНЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ӘСЕРІ: КЛИНИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ (АТА-АНА АГРЕССИЯСЫ МЫСАЛЫНДА). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 85, 4 (Груд 2025), 239–251. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2025.85.4.020.

