Қазақстан Республикасының 2011–2019 жылдарға арналған білім беруді дамытудға арналған бағдарламасында ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды оқытуға жаңа концептуальды ықпал ету тұғырлары анықталып, қалыпты балалармен бірге ерекше білім беруді қажет ететін балаларды бірге оқыту мен тәрбиелеу мен интегративті оқыту идеясын тәжірибеге енгізу барысы қарастырылды. Оқыту мен тәрбиелеудің түрлі бағдарламаларын балаларға қолжетімді етуді қамтамасыз ету , ерекше білім беруді қажет ететін балаларға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету Қазақстандық білім берудің жетекші міндеттерінің бірі болып саналады. Мектептегі инклюзивті мәдениетті құру ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қосудың нәтижелілігінің маңызды шарты болып табылады. Мақалада «жалпы мектеп мұғалімдерінің инклюзивті дайындығы» термині жалпы білім ортасында инклюзиті мәдениетті қалыптастырудың басты алғышарты ретінде қарастырылып, теориялық құрылымдық - деңгейлік талдау жүргізіліп, жалпы және арнайы педагогикалық, психологиялық әдебиеттерді ғылыми- теориялық талдау негізінде «инклюзивті мәдениет «түсінігінің анықтамасы көрсетілген. Жалпы мектеп мұғалімдерінің инклюзивті мәдениетін дамытудың кей тәсілдері көрсетілген.
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ИНКЛЮЗИВТІ МӘДЕНИЕТІ МӘСЕЛЕСІН ЗЕРТТЕУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Жарияланған May 2021
115
62
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
А.Н.Аутаева , С.Т.Булабаева 2021. ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ИНКЛЮЗИВТІ МӘДЕНИЕТІ МӘСЕЛЕСІН ЗЕРТТЕУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 62, 1 (Трав 2021). DOI:https://doi.org/10.51889/2020-1.1728-7847.14.