Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

ЖЕТКІНШЕКТЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАҚТЫҒЫСТЫ ШЕШУДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ

Жарияланған September 2025

23

39

Шәкәрім университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Куралай Адильжанова

Педагогика және психология кафедрасының қауымдастырылған профессоры м.а

Шәкәрім университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Назым Кулмышева

  1. Кулмышева Назым Армысовна Педагогика ғылымдарының кандидаты, «Шәкәрім университеті» КеАҚ, Білім беру жоғары мектебі, Педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы Қазақстан Семей қ. 071400, nazym.armys@mail.ru +7-708-811-37-76

 

Шәкәрім университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Шолпан Абишева

Абишева Шолпан Шакаримовна Педагогика ғылымдарының кандидаты, «Шәкәрім университеті» КеАҚ, Білім беру жоғары мектебі, Педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы Қазақстан Семей қ , E-mail Abisheva.s@bk.ru

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Бахытгул Жаканбаева

магистр пед наук

Аңдатпа

Мақалада жеткіншектер арасындағы қақтығысты жағдайларды шешудің әлеуметтік-психологиялық тәсілдері қарастырылады. Жеткіншектер арасындағы қақтығыс –  бұл олардың өзара әрекеттесуіндегі үйлесімсіздік, мінез-құлық ерекшеліктері мен құндылық бағдарларындағы айырмашылықтар негізінде туындайтын күрделі әлеуметтік-психологиялық құбылыс. Қақтығысты тиімді басқару мен оны жеңілдетуде әлеуметтік-психологиялық тәсілдерді қолдану өз нәтижесін береді.

Зерттеу барысында жеткіншектердің жанжалды мінез-құлқының психологиялық сипаттары анықталып, олардың әлеуметтік-психологиялық тренинг арқылы түзелу мүмкіндіктері қарастырылды. Эксперименттік зерттеуге 80 жеткіншек тартылып, олар эксперимент және бақылау топтарына бөлінді. Қалыптастыру кезеңінде эксперименттік топқа әлеуметтік-психологиялық тренингтер жүргізілді. Бақылау және эксперименттік топтар арасында статистикалық маңызды айырмашылықтар Манн-Уитни U-тесті және Вилкоксон Т-критерийлерін қолдану арқылы анықталды.

Зерттеу нәтижелері тренингтің тиімділігін көрсетті. Респонденттердің эмоциоялық шиеленіс деңгейі төмендеп, коммуникативтік толеранттылық пен қақтығысты жағдайларда тиімді әрекет ету дағдыларының (қақтығысты құзыреттіліктің) өскені байқалды. Сонымен қатар, жеткіншектер бейбіт мінез-құлық стратегияларын – ымыраға келу мен ынтымақтастықты жиі таңдауға бейімделе бастады. Жүргізілген зерттеу мектеп психологиялық қызметін жетілдірудің жаңа мүмкіндіктерін ашты. Зерттеу барысында қойылған бастапқы болжам толығымен расталды.

Pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Адильжанова, К., Кулмышева, Н., Абишева, Ш. і Жаканбаева, Б. 2025. ЖЕТКІНШЕКТЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАҚТЫҒЫСТЫ ШЕШУДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 84, 3 (Вер 2025), 254–267. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2025.84.3.023.