Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

ЖОО СТУДЕНТТЕРІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ - КӘСІБИ ҚАЛЫПТАСУДЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ

Жарияланған September 2025

36

30

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Aзиза Азизова

«Психология» білім беру бағдарламасының 2-курс докторанты

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Лаура Баймолдина

PhD, Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының аға оқытушысы

Гази университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Юджел Гелишли

PhD, Гази университетінің профессоры

Әлихан Бөкейхан университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Шолпан Орынгалиева

Педагогика және психология кафедрасының доцент м.а.

Аңдатпа

Жоғары оқу орындары студенттерінің кәсіби қалыптасуы – олардың тұлғалық, әлеуметтік және кәсіби дамуының маңызды кезеңі болып табылады және бұл үдеріс олардың психологиялық денсаулығының деңгейімен тікелей байланысты. Академиялық және кәсіби талаптардың артуы жағдайында студенттердің психоэмоционалдық жай-күйі олардың кәсіби бейімделуінің маңызды факторына айналады. Заманауи зерттеулер психологиялық денсаулықты көпқырлы құрылым ретінде қарастырады. Эмоционалдық тұрақтылық (қорқыныш, күйзеліс, уайым деңгейі), когнитивті бағалау (өз-өзіне баға беру, өзін тиімді сезіну), әлеуметтік функциялар (қарым-қатынас жасау, командада жұмыс істей білу), сондай-ақ құндылықтық-мағыналық сала (өмірлік мақсаттар, кәсіби мағыналылық сезімі) секілді негізгі компоненттер ерекшеленеді. Мақалада студенттердің психологиялық денсаулығы мен кәсіби икемділігі арасындағы байланыс ашып көрсетіледі. Қазақстандық ЖОО-ның 110 студенті қатысқан эмпирикалық зерттеуде GHQ-12 және CAAS сауалнамалары қолданылды. Алынған деректер стресстің жоғары деңгейі (GHQ-12 ≥ 24) кәсіби бейімделгіштіктің айтарлықтай төмендеуімен, әсіресе «бақылау» шкаласы бойынша (p < 0,01) өзара байланыста екенін көрсетті. Практикалық ұсыныстар ретінде жоғары оқу орындарында психологиялық қолдауды күшейту, стресс пен уақытты басқару бойынша тренингтер енгізу, сондай-ақ оқытушылардың психологиялық тұрақтылық саласындағы біліктілігін арттыру ұсынылады. Студенттердің психологиялық денсаулығын қамтамасыз ету – болашақ мамандардың тиімді кәсіби қалыптасуының қажетті шарты деген қорытынды жасалды.

Pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Азизова A., Баймолдина, Л., Гелишли , Ю. і Орынгалиева, .Ш. 2025. ЖОО СТУДЕНТТЕРІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ - КӘСІБИ ҚАЛЫПТАСУДЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 84, 3 (Вер 2025), 232–241. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2025.84.3.021.