Психология ғылымы тұрғысынан «өмірге қанағаттанушылық» мәселесіне елеулі қызығушылық, ең алдымен әлеуметтік, гуманитарлық және қоғамдық ғылымдардың дамуымен байланысты туындап отыр. Аталмыш мәселе әсіресе еліміздегі өскелең ұрпақтың өмірге қанағаттануын зерттеу аясында ерекше маңыздылыққа ие болып отыр. Бұл біздің еліміздің өтпелі кезеңді бастан кешіп отырғандығымен түсіндіріледі, оған түрлі факторлар, мысалы, Қазақстанның жаһандық қоғамдастыққа интеграциясы, халық санының өсуі және т.б. әсер етеді. Жастардың аға буынмен салыстырғанда саны артып келеді, демек, бұл өз кезегінде біздің еліміздегі халық өсімінің оң үрдісін көрсетеді. Осыған орай, бұл мақаланың мақсаты - жастар арасындағы өмірге қанағаттану мен гендерлік сәйкестікке салыстырмалы талдау жасау.
Жұмыстың ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы гуманистік және позитивті психологияға теориялық үлесін қосуында, сондай-ақ зерттеу нәтижелерін жастармен жұмыстағы кеңес беру мен тренинг жұмыстарында, қолдануға болатынындығында.
Әдістемелік негіз болған - З.Фрейдтің, Дж. Б. Уотсон, Эд. Л. Торндайк, В. Франкл және т.б. қанағаттану, бақыт, өмірдің мәні, экзистенциялар және т.с.с. мәселелерді қарастырған теориялары.
Зерттеу стандартталған және валидацияланған әдістемелерді қолдану арқылы жүргізілді, олар әртүрлі гендерлік сәйкестіктері бар субъектілердің өмірге қанағаттануында айырмашылықтар бар екенін көрсетті.
Бұл мақала гуманистік және позитивті психологияның дамуына елеулі үлес қосады және Қазақстан жастарының психологиялық салауаттылығы мен өмірге қанағаттануын дамытумен байланысқан.

