Әлеуметтік тұрақсыздықтың күшеюі мен ата-аналарға жүктелетін жауапкершіліктің артуы
жағдайында әртүрлі ата-ана санаттарында эмоционалдық күйзеліс синдромының даму қаупі
өсуде. Осындай жағдайда биологиялық ата-аналар мен кәсіби ата-ана рөлін институттық
ортада (мысалы, SOS-балалар ауылдарында) атқаратын тәрбиеші-ата-аналарды
салыстырмалы түрде талдау ерекше маңызға ие.
Мақсаты: ата-ана стрессі мен ата-ана рөліне қанағаттану факторларын ескере отырып,
SOS-балалар ауылының тәрбиеші-ата-аналары мен биологиялық ата-аналарындағы
эмоционалдық күйзеліс синдромының көріну ерекшеліктерін салыстыру.
Әдістері: ата-ана стрессі шкаласы, ата-ана күйзелісі сауалнамасы, қабылданған стресс
шкаласы (PSS-10) және негізгі психологиялық қажеттіліктерге қанағаттану шкаласы.
Статистикалық деректер SPSS бағдарламасында Манн–Уитни U-критерийі арқылы өңделді.
Нәтижелері: биологиялық ата-аналарда эмоционалдық титықтау мен қабылданған стресс
деңгейі анағұрлым жоғары, ал тәрбиеші-ата-аналарда ата-ана жетістіктерінің редукциясы
жиірек байқалды. Сонымен қатар, екі топтағы ата-ана рөліне қанағаттану деңгейі
салыстырмалы болды. Тәрбиеші-ата-аналар автономия қажеттілігіне қанағаттанудың жоғары
деңгейін көрсетті.
Практикалық маңыздылығы: алынған мәліметтер екі ата-ана санатын қолдауға
бағытталған арнайы бағдарламаларды әзірлеу қажеттігін, сондай-ақ олардың эмоционалдық
және әлеуметтік жүктемесіндегі айырмашылықтарды ескерудің маңыздылығын көрсетеді.

