Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

ОТБАСЫНДАҒЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ САЛДАРЫ

Жарияланған December 2025

56

19

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Мариям Бапаева

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Психология кафедрасының профессор міндетін атқарушы, психология ғылымдарының кандидаты, Алматы қ., Қазақстан.E-mail: bapaeva.m@qyzpu.edu.kz

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Фарида Куантканова

старший преподаватель кафедры «Психология», магистр психологии, Казахский национальный женский педагогический университет, г. Алматы, Республика Казахстан. E-mail: kuantkanova.f@qyzpu.edu.kz

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Айсұлу Аубәкір

старший преподаватель кафедры «Психология», магистр социальных наук, Казахский национальный женский педагогический университет, г. Алматы, Республика Казахстан. E-mail: aubakir.a@qyzpu.edu.kz

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Майгул Багибаева

старший преподаватель кафедры «Психология», магистр психологии, Казахский национальный женский педагогический университет, г. Алматы, Республика Казахстан. E-mail: bagibaeva.m@qyzpu.edu.kz

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Алия Байздрахманова

старший преподаватель кафедры «Психология», магистр психологии, Казахский национальный женский педагогический университет, г. Алматы, Республика Казахстан. E-mail: baizdrakhmanova.a@qyzpu.edu.kz

Аңдатпа

Отбасылық зорлық-зомбылық – адамның жасына, жынысына, нәсіліне қарамастан әлемнің әр түрлі елдерінде кең таралған әлеуметтік-психологиялық мәселе. Бұл құбылыстың себептері, түрлері және оның қоғамға әсері зерттеу нысаны ретінде қарастырылады.

Зерттеудің мақсаты – отбасылық зорлық-зомбылықтың таралу деңгейін анықтау, оның себептерін талдау және алдын алу шараларын ұсыну. Негізгі зерттеу бағыттары – отбасылық зорлық-зомбылықтың әлеуметтік-экономикалық, психологиялық аспектілерін анықтау, оның салдарын бағалау және тиімді алдын алу стратегияларын әзірлеу.

Зерттеудің ғылыми және практикалық маңыздылығы зорлық-зомбылықтың түрлері мен оның зардаптарын сипаттау, сондай-ақ осы мәселені шешуге бағытталған заңнамалық және әлеуметтік шараларды жетілдіру қажеттілігін негіздеуден тұрады. Сонымен қатар, балалар мен әйелдердің психологиялық әл-ауқатына әсер ететін факторларды қарастыру арқылы олардың құқықтарын қорғау жолдарын анықтау жұмыстың өзектілігін арттырады.

Зерттеу әдістемесі ретінде шетелдік және отандық әдебиеттерге салыстырмалы талдау, сондай-ақ авторлық сауалнама қолданылды. «Отбасындағы ерлі-зайыптылардың эмоциялық күйі мен зорлық-зомбылық қатынасы» атты авторлық сауалнама арқылы    зорлық-зомбылыққа тәуелділік факторлары анықталды. Зерттеу барысында Қазақстанның оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс, орталық аймақтарындағы отбасылар арасында 2600 респондентті қамтитын сауалнама жүргізілді.

Негізгі нәтижелер отбасылық зорлық-зомбылықтың көп таралған түрлерін (физикалық, психологиялық, экономикалық, жыныстық) сипаттаумен қатар, оның балалар мен әйелдердің эмоционалдық және когнитивті жағдайына тигізетін кері әсерін көрсетеді. Қазақстан жағдайында әйелдер мен балаларды қорғау шаралары мен заңнамалық өзгерістердің қажеттілігі анықталды.

Осы зерттеудің құндылығы - отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша тиімді шараларды әзірлеуге негіз болатын нақты ғылыми мәліметтердің ұсынылуында. Оның практикалық маңызы – қоғамда отбасындағы зорлық-зомбылық деңгейін төмендетуге бағытталған әлеуметтік және заңнамалық бастамаларды қалыптастыруға ықпал етуінде.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Бапаева, М., Куантканова , Ф. , Аубәкір, А. , Багибаева, М. і Байздрахманова, А. 2025. ОТБАСЫНДАҒЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ САЛДАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 85, 4 (Груд 2025), 296–309. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2025.85.4.025.