Бұл мақалада цифрлық технологиялардың жоғары оқу орындары оқытушыларының психикалық денсаулығына әсері қарастырылады. Зерттеу 61 оқытушының қатысуымен жүргізілген аворлық сауалнама нәтижелеріне негізделген. Сауалнама оқытушылардың цифрлық жүктемесі, эмоциялық күю, кәсіби күйзелісі мен қанағаттанушылық деңгейі сияқты факторларды қамтыды. Нәтижелер көрсеткендей, көп жағдайда цифрлық технологияларды белсенді қолдану артық жұмысбастылық пен күйзеліс деңгейін арттырады. Сонымен қатар, техникалық қиындықтар мен институционалдық қолдаудың жетіспеушілігі де оқытушылардың психоэмоциялық жағдайына кері әсер етеді. Факторлық талдау нәтижесінде оқытушылардың эмоциялық күйіне әсер ететін үш негізгі фактор анықталды: психоэмоциялық күй және стресс, цифрлық жұмыс жүктемесі және кәсіби қанағаттану мен өмірлік тепе-теңдік. Кластерлік талдау нәтижесінде респонденттер әртүрлі психоэмоциялық профильдері бойынша үш топқа бөлінді. Спирменнің корреляциялық талдауы арқылы факторлар арасындағы мәнді байланыстар расталды. Зерттеу нәтижелері цифрлық ортадағы кәсіби қызметтің психологиялық аспектілерін ескерудің маңыздылығын көрсетеді.
БІЛІМ БЕРУДІ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ОҚЫТУШЫЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ: ЭМПИРИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
Жарияланған September 2025
20
23
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
Цифрлық технологиялар
оқытушылар
психикалық денсаулық
кәсіби күйзеліс
цифрлық жүктеме
техностресс
эмоциялық әл-ауқат
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Амирбекова, М., Garber, .A. і Кадыржанова , .Ж. 2025. БІЛІМ БЕРУДІ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ОҚЫТУШЫЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ: ЭМПИРИКАЛЫҚ ТАЛДАУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 84, 3 (Вер 2025), 95–110. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2025.84.3.009.

