Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

ЖАСӚСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ СУИЦИДТІК МІНЕЗ-ҚҦЛЫҚ: ЭТИОЛОГИЯСЫ, ҚАУПІ ФАКТОРЛАРЫ ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

Жарияланған September 2025

30

28

Абай атындағы КазҰПУ
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Гүлназ Прмантаева

Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының докторанты

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Алма Акажанова

психология ғылымдарының докторы, профессор

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Гүлдана Тотикова

Аға оқытушы PhD

Аңдатпа

Мақалада қазіргі қоғамның ең өзекті және күрделі мәселелерінің бірі — жасөспірімдер арасындағы суицидке бейімділік қарастырылады. Жастарда суицидтік ойлардың дамуына ықпал ететін себептерді, қауіп факторларын және әлеуметтік жағдайларды талдауға ерекше назар аударылады. Жасөспірімдердің психикалық денсаулығына әсер ететін отбасылық проблемалар, әлеуметтік оқшаулану, стресс, депрессия, өзін-өзі бағалаудың төмендігі және психоэмоционалды жарақаттар сияқты факторларды егжей-тегжейлі жүргізілген зерттеу нәтижелері келтірілген. Психологиялық қолдау, медициналық ұйымдардың көмегі және алдын алу процесінде отбасылар мен білім беру мекемелерінің рөлін қоса алғанда, суицидтің алдын алу әдістері де талқыланады. Алынған мәліметтер негізінде жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлық қаупін азайтуға көмектесетін негізгі аспектілер, соның ішінде проблемаларды ерте анықтау және мамандар көмегі қажет. Суицид бір сәтте орын алатын оқиға болып табылмайды, жасөспірімнің психикасына кері әсерін беретін бірнеше факторлардың жиынтығынан туындаған суицид жасау туралы ой жоспарға, уақыт өте келе жоспар әрекетке айналады, әрекет аяқталған немесе аяқталмаған болып екіге бөлінеді. Білім беру ұйымдарының қызметкерлері, ата – аналар мен білім алушылар суицидке бейімділік кезеңдеріндегі жасөспірімдегі ашық және жанама мінез-құлық белгілері туралы ақпараттармен  жүйелі түрде хабардарлығы арттырылса қауіп факторларын азайтуға негіз болып табылатындығы зерттеу нәтижелерімен келтірілген.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Прмантаева, Г., Акажанова, А. і Тотикова, .Г. 2025. ЖАСӚСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ СУИЦИДТІК МІНЕЗ-ҚҦЛЫҚ: ЭТИОЛОГИЯСЫ, ҚАУПІ ФАКТОРЛАРЫ ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 84, 3 (Вер 2025), 154–167. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2025.84.3.014.