Бұл мақалада стресстік жағдайлармен жиі кездесумен сипатталатын қазіргі қоғамдағы қорғаныс механизмдерін және олардың психологиялық негіздерін зерттеудің маңыздылығы қарастырылады. Зерттеу тақырыбы психологиялық қорғаныс механизмдерін, копинг-стратегияларын талдау арқылы тұлғаның копинг-мінез-құлқына әсер ететін маңызды факторларды анықтауға бағытталған. Бұл зерттеу тұлғаның психологиялық қорғаныс механизмдерін және қиындықтар мен стрессті жеңу үшін әртүрлі копинг стратегияларды қалай қолданатынын түсіндіреді. Зерттеуге қатысқан 340 респонденттердің жас аралығы 17 - 19 жастар болды, олардың берген жауаптарынан өмірлік қиын жағдайларда қолданудағы копинг-стратегиялардың тиімді және тиімсіз көрсеткіштері анықталды. Нәтижелердің мәні адамдардың қиындықтарды қалай жеңетінін қалыптастыруда психологиялық қорғаныс механизмдері копинг мінез-құлықтың психологиялық предикторлары ретінде көрсетеді. Қиындықтарды жеңу үшін эмоционалды тұрақтылық пен проблемаларды шешу тәсілдерінің маңызды екенін талданады. Сонымен қатар, осы зерттеу әсіресе тұлғаның дағдарыс жағдайында қайта әлеуметтенуінде тиісті дәрежеде қиындықты еңсеру мінез-құлқын анықтау бойынша отандық және шетелдік ғалымдардың әдіснамалық зерттеулерін ұсынады. Нәтижерлерден алынған ғылыми ұсыныстар копинг-стратегияларды жүзеге асыруға ықпал етудегі психологиялық кеңес беру тәжірибесінде қолданылуы мүмкін.
КОПИНГ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПРЕДИКТОРЛАРЫ: ҚОРҒАНЫС МЕХАНИЗМДЕРІ МЕН КОПИНГ-СТРАТЕГИЯЛАРЫН ЗЕРТТЕУ
Жарияланған December 2025
63
60
Аңдатпа
Тіл
English
Кілтті сөздер
копинг
психологиялық предикторлар
копинг мінез-құлқы
дағдарысты жеңу
копинг-стратегиялары
қорғаныс механизмдері
когнитивті
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Турманова, Ж., Ryskulova, M. і Guven, M. 2025. КОПИНГ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПРЕДИКТОРЛАРЫ: ҚОРҒАНЫС МЕХАНИЗМДЕРІ МЕН КОПИНГ-СТРАТЕГИЯЛАРЫН ЗЕРТТЕУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 85, 4 (Груд 2025), 9–22. DOI:https://doi.org/10.51889/2959–5967.2025.85.4.001.

