Бұл мақалада үздіксіз білім беру аясында педагогтердің ағылшын тілін меңгеру арқылы зерттеушілік құзыреттіліктерін дамытудың психологиялық аспектісі үдерісі қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – ағылшын тілін кәсіби деңгейде қолдану педагогтердің ғылыми-зерттеу қызметіне, академиялық жазу дағдыларына және халықаралық ғылыми ортаға интеграциялануына қалай әсер ететінін анықтау. Зерттеу Орталық Азия инновациялық университетінің 15 оқытушысының қатысуымен жүзеге асырылды және үш кезеңнен: диагностикалық, оқыту және қорытынды бағалау кезеңдерінен тұрды. Эксперименттік жұмыс барысында педагогтер арнайы әзірленген оқыту бағдарламасына қатысып, академиялық ағылшын тілі, ғылыми мәтіндермен жұмыс істеу, зерттеу жазбаларын дайындау және халықаралық конференцияларға қатысу бойынша практикалық дағдыларын жетілдірді. Нәтижесінде, олардың академиялық жазу мен ғылыми мәтіндерді талдау қабілеттері едәуір жақсарды, ал ағылшын тілінде зерттеу жүргізуге деген сенімділіктері артты. Мақалада алынған нәтижелер негізінде үздіксіз кәсіби даму бағдарламаларын жетілдіру жолдары ұсынылып, ағылшын тілін меңгеру педагогтердің зерттеушілік әлеуетін арттырудың маңызды құралы екендігі дәлелденді. Зерттеу педагогтердің халықаралық академиялық қауымдастыққа қосылуына мүмкіндік беретін әдістемелік, тілдік және зерттеушілік дағдыларды дамытудың қажеттілігін көрсетеді.
ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУДЕ ПЕДАГОГТЕРДІҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІН МЕҢГЕРУДЕ ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ДАМЫТУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ
Жарияланған September 2025
53
35
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
зерттеушілік құзыреттілік
академиялық жазу
халықаралық ғылыми орта
кәсіби құзыреттілік
халықаралық жарияланымдар
академиялық тіл
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Спатай, А., Спатаев , Б. , Даникеева , .А. і Есенкулова , А. 2025. ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУДЕ ПЕДАГОГТЕРДІҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІН МЕҢГЕРУДЕ ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ДАМЫТУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 84, 3 (Вер 2025), 137–146. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2025.84.3.012.

