Кәсіби бағдар оқушыларға кәсіби қызметтің қолайлы бағыттары мен салаларын анықтау арқылы болашақ мансаптары туралы негізделген шешімдер қабылдауға көмектесуде үлкен рөл атқарады. Цифрлық технологияның қарқынды дамуымен бұл құралдар орта мектеп оқушыларының кәсіби бағдарлау процесін қалай жақсарта алатынын зерттеу қажет болып табылады. Бұл мақалада педагогтар және психологтармен кәсіби бағдарлау бағдарламаларында қолдануға болатын әртүрлі цифрлық технологиялар зерттеледі.
Дәлірек айтқанда, мақалада цифрлық технологияларды кәсіби бағдарлау тәжірибесіне енгізудің артықшылықтары, проблемалары мен перспективалары талданады. Сонымен қатар, кәсіби бағдарлау әдістері қарастырылып, модель түрінде ұсынылған. Эмпирикалық зерттеуге келетін болсақ, жоғары сынып оқушыларының бес кәсіп түріне деген қалауы мен көзқарасын талдау үшін түпнұсқа онлайн психологиялық тест өткізілді. Алынған нәтижелер кәсіп түрлерімен үйлесімділік деңгейіне қарай бөлінді.
Нәтижелер бойынша, цифрлық технологиялар кәсіби бағдарлауды ұйымдастыру, психодиагностикалық сынақтарды өткізу және кері байланысты қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдайлар мен пайдалы құралдарды қамтамасыз етеді. Мысалы, мазмұнды талдау мүмкіндігі бар онлайн сауалнамалар мен тесттерді арнайы бағдарламалар немесе қолданбалар арқылы құрастыруға болады. Кәсіби қызметінде цифрлық технологияларды қолдануға шақырылатын заманауи педагогтар мен психологтар, сондай-ақ жаңа технологияларды жақсы біліп, жетік меңгерген оқушылар цифрлық кәсіптік бағдарлауға қызығушылық танытуы мүмкін.

