Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДІҢ ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ ДАМУЫНА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ

Жарияланған December 2024

148

0

КазНПУ имени Абая
Аңдатпа

Мақалада жеткіншектердің тұлғалық қалыптасуына әлеуметтік желілердің әсері талданады. Әлеуметтік желілер, әсіресе жеткіншектер арасында кеңінен таралғандықтан, олардың тұлғалық даму үдерісіне тікелей әсер етеді. Жеткіншектік жас кезеңінде адам өз-өзін тану, әлеуметтік рөлдерді игеру, қарым-қатынас орнату дағдыларын қалыптастырады. Осы кезеңде әлеуметтік желілердің ықпалы айтарлықтай жоғары. Олар жеткіншектердің құндылықтарын, көзқарастарын, мінез-құлықтарын қалыптастыруға, сондай-ақ олардың психологиялық және эмоционалдық жағдайына әсер етеді. Бұл жұмыста әлеуметтік желілердің жеткіншектер тұлғасының қалыптасуындағы оң және теріс жақтары талданып, олардың өмірге және қоғамға деген көзқарасына әсер ету аспектілері қарастырылады. Сондай-ақ, теориялық-әдіснамалық зерттеулердің негізінде тәжірибелік-эксперимент жұмысы ұйымдастырылды, ол 3 кезеңнен тұрады: анықтау, қалыптастыру және қорытындылау. Анықтау экспериментіне Тараз қаласы, Ы.Алтынсарин атындағы №23 мектеп-гмназиясының 7-8 сыныптар оқушылары (24-оқушы) қатысты. Эксперимент тобында 12 оқушы,  бақылау тобында 12 оқушы. Экспериментке дейінгі және эксперименттен кейінгі мәліметтерді алу үшін Розенбергтің өзін-өзі бағалау сауалнамасы мен Спилбергер-Ханиннің мазасыздық шкаласы қолданылып, алынған нәтижелердің оң динамикасын көрсетті.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Айтенова, Э., Жигитбекова, Б. і Ешенкулова, Д. 2024. ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДІҢ ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ ДАМУЫНА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 81, 4 (Груд 2024), 157–167. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2024.81.4.014.