Мақалада жеткіншектердің тұлғалық қалыптасуына әлеуметтік желілердің әсері талданады. Әлеуметтік желілер, әсіресе жеткіншектер арасында кеңінен таралғандықтан, олардың тұлғалық даму үдерісіне тікелей әсер етеді. Жеткіншектік жас кезеңінде адам өз-өзін тану, әлеуметтік рөлдерді игеру, қарым-қатынас орнату дағдыларын қалыптастырады. Осы кезеңде әлеуметтік желілердің ықпалы айтарлықтай жоғары. Олар жеткіншектердің құндылықтарын, көзқарастарын, мінез-құлықтарын қалыптастыруға, сондай-ақ олардың психологиялық және эмоционалдық жағдайына әсер етеді. Бұл жұмыста әлеуметтік желілердің жеткіншектер тұлғасының қалыптасуындағы оң және теріс жақтары талданып, олардың өмірге және қоғамға деген көзқарасына әсер ету аспектілері қарастырылады. Сондай-ақ, теориялық-әдіснамалық зерттеулердің негізінде тәжірибелік-эксперимент жұмысы ұйымдастырылды, ол 3 кезеңнен тұрады: анықтау, қалыптастыру және қорытындылау. Анықтау экспериментіне Тараз қаласы, Ы.Алтынсарин атындағы №23 мектеп-гмназиясының 7-8 сыныптар оқушылары (24-оқушы) қатысты. Эксперимент тобында 12 оқушы, бақылау тобында 12 оқушы. Экспериментке дейінгі және эксперименттен кейінгі мәліметтерді алу үшін Розенбергтің өзін-өзі бағалау сауалнамасы мен Спилбергер-Ханиннің мазасыздық шкаласы қолданылып, алынған нәтижелердің оң динамикасын көрсетті.
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДІҢ ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ ДАМУЫНА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ
Жарияланған December 2024
148
0
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
жеткіншектік шақ, әлеуметтік желілер, эмоциялық жағдай, әлеуметтік орта, интернет, виртуалды орта, әлеуметтік байланыс
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Айтенова, Э., Жигитбекова, Б. і Ешенкулова, Д. 2024. ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДІҢ ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ ДАМУЫНА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 81, 4 (Груд 2024), 157–167. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2024.81.4.014.