Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

СТУДЕНТТЕРДЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПАРАСАТТЫЛЫҚТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Жарияланған April 2025

96

91

Университет Туран
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Dinara Abdramanova

2 курс докторанты

Университет Туран
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Ардах Ерментаева

пс.ғ.докторы, профессор Ерментаева А. Р.

Аңдатпа

Біздің зерттудің мақсатымыз психологиялық парасаттылық құрылымының студенттердегі даму ерекшеліктерін анықтау.

Әдебиеттерде психологиялық парасаттылықтың анықтамасын жалпылап алсақ, ол тұлғаның өз ойларын, сезімдерін және мінез-құлқын түсіну мен басқару, санылы түрде аңғарумен реттеу, сол арқылы өзінің кез-келген  іс-әрекетін,  басқа адамдармен тұлғааралық қарым-қатынасты  тиімді жүзеге асыруға қабілеттілікті білдіреді.

Қазіргі кездегі жастардың қарым-қатынастарына өздерінің қөңілдері толмауы, өздерінің мінез-құлықтарын, ой-сезімдерін дұрыс игере алмай қалулары жиі кездеседі. Осының салдарынан  кейде жастардың өзіне және қоршаған ортаға қауіпті, зиянды жайттар орын алатындығы БАҚ парақшаларынан белгілі. Сондай-ақ буллинг, остракизм түрлері, типті суицидке дейін жету жағдайы студенттерде психологиялық  парасаттылықтың жеткіліксіз  дамуын көрсетеді.

Мақалада психологиялық парасаттылыққа теориялық  талдау  және «Психологиялық парасаттылық шкаласы» бойынша эксперименттік зерттеу деректерінің қорытындысы берілді. Осыған байланысты студенттерде психологиялық парасыттылық құрылымының даму ерекшелітерін зерттедік.  Осы мақсатта Психологиялық парасаттылық шкаласын жүргіздік.

 «Психологиялық парасаттылық» шкаласы (ағылшынша «Psychological mindedness»)  тұлғалық ерекшелікті зерттеуге арналған сауалнама. Мұнда адамның психологиялық кейпін, ой-сезімдерін, іс-әрекетін саналы аңғаруға және өзектендіруіне қатысты критериалдық көрсеткіштер алынады.

Эксперименттік зерттеуге Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ерікті түрде 1 курс білім алушыларынан 132 студент қатысты. Біз оларды екі бағыт бойынша екі топқа бөлдік. Бірінші топ қоғамтану және жаратылыстану бағыты, екінші топ  әлеуметтік-гуманитарлық бағыт.

Бұл студенттердің саны ғылыми нәтиженің қажетті деңгейдегі – орташа эффектісін көрсетуге жеткілікті.

Эксперимент барысында осындай ғылыми нәтижелер студенттердегі психологиялық парасаттылықтың даму ерекшеліктерін көрсетті: алғашқы 4 шкала бойынша екі топ арасында маңызды статистикалық айырмашылық байқалмады, бұл студенттердің мәселелерді басқару, әлеуметтік қолдау алудың маңыздылығын түсіну, басқалардың мінез-құлқын зерттеуге қызығушылық сияқты аспектілер бойынша ұқсастығын көрсетеді. Ал соңғы 5-ші шкала  жаңа тәжірибелерге ашықтықтың айтарлықтай жоғары болуы қоғамтану және жаратылыстану бағыты студенттерінің жаңа ақпаратты қабылдауға және күрделі жағдайларда шешім іздеуге көбірек бейім екенін көрсетеді.

pdf
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Abdramanova, D. і Ерментаева, А. 2025. СТУДЕНТТЕРДЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПАРАСАТТЫЛЫҚТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 82, 1 (Квіт 2025), 59–70. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2025.82.1.005.