Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

Студенттік ортадағы депрессияның дамуын психологиялық зерттеу

Жарияланған December 2024

107

0

Тұран Университеті
Тұран университеті
2Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Аңдатпа

Мақалада студенттік ортада депрессияның таралу проблемасының өзектілігігіне теориялық талдау берілді. Шет елдік және отандық зерттеулердің негізінде депрессияны зерттеудің негізгі ғылыми тәсілдері ұсынылды.  Әдебиеттерге шолу барысында қазіргі әлеуметтік және білім беру ортасының бейімделу бұзылыстарына әкелетін студенттер өмірінің барлық аспектілеріне депрессияның әсер ететіні көрініс берді. Депрессия түсінігіне жан-жақты талдау жасалды. Жоғарғы оқу орынының 1-ші және 3-ші курс студенттерінің депрессвиті жағдайын анықтау негізінде С.Лавибонда мен П.Лавибонданың DASS-21 (Депрессия, стресс, мазасыздық) және SMFQ (көңіл күй нашарлығы және депрессивті жағдай) депрессияны анықтауға арналған валидті эмпирикалық зерттеулерінің нәитжелері талданып көрсетілді. Зерттеуде Спирменнің корреляциялық талдауымен Манна-Уитнидің критериалды бағалауы қолданылды. Студенттердің депресивті жағдайдың жас ерекшелігіне байланысты әсер етуінің әр түрлілігі анықталып, алдын-алу жолдарын жоспарлау мүмкіндігі туды.

pdf (Русский)