Мақалада STEM білім беру технологиясын ашып көрсету – басты мақсатымыз болды. Тақырыпқа сай келесідей зерттеу міндеттерін анықтадық: математика бойынша STEM білім берудегі 2D және 3D модельдеу арқылы әртүрлі оқыту әдістерінің тиімділігін зерттеу, жобалық оқытудың математиканы оқыту нәтижелеріне әсерін бағалау, ынтымақтастық оқыту, жаратылыстану және математиканы басқа пәндермен кіріктіріп оқытудың артықшалықтарын анықтау және талдау.
STEM білім беру- ғылымды, технологияны, инженерияны және математиканы біріктіретін оқытудың динамикалық тәсілі болып табылады. Математикаға қолданылғанда ол оқушыларға мәселені шешу дағдыларын, сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға мүмкіндік беретіні анық. Бұл мақалада математикадан STEM білім беруді оқытудың әр түрлі тәсілдерін, әдістерін тәжірибиеде қолданудың тиімділігі зерттеледі. STEM компоненттері арқылы сыни ойлауға үйрену, өздігінен проблемаларды шеше білу, топтық, жұптық жұмыстарда көшбасшылық таныту, сондай-ақ техникалық пәндерге деген мотивтерін күшейту және зерттеушілік дағдыларын т.б. білім берудегі негізгі әрекеттерді алға шығарамыз. Алайда бұның барлығы дерлік бастауыш сыныптарда жаратылыстану сабақтарында жүзеге асырылса, өз тиімділігін көрсетері анық.
