Ғылыми мақалада ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың ата-аналарының
психологиялық хал-ахуалы мен мінез-құлық ерекшеліктері сипатталған. Осы бағыттағы
ғылыми, тәжірбиелік эксперименттік зерттеу нәтижелерінің мысалдары қоса берілген.
Сондай-ақ ата-аналардың ерекше балаларды тәрбиелеу мен оқытуға қатысты процеске
араласуына ұсынылатын іс-шаралар мен негізгі психологиялық аспектілер қарастырылған.
Ата-аналар мен педагогтар арасындағы коммуникацияны жақсартуға ықпал ететін тиімді
әдістер мен тәсілдер және ерекше балаларға қолдау көрсету үшін жағымды орта
қалыптастыру бойынша ұсыныстар берілген.
Дамыған бірқатар мемлекеттерде ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың
отбасымен жұмыс бірізділеніп, ата-аналарға психологиялық қолдау білдіру мәселелері жаңа
сипатқа ие. Ерекше білім беруде қажеттілігі бар балалардың отбасын қолдау жұмыстарының
жаңа бағыттары, отбасыларына көмек көрсетудің пәнаралық және кәсібилік жағы дами
бастаған, тіпті жаңа мамандық иелерінің дүниеге келуіне де себепші болған. Осы орайда
ата-аналарды психологиялық қолдау жұмыстарын жандандыру маңызды міндет болып
саналады.
ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛАЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ
Жарияланған December 2024
154
0
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
