Мақалада Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері арасындағы сәйкестік стильдері мен психологиялық қанағат арасындағы өзара байланыс мәселесі қарастырылады. Зерттеуде К.Риффтің «Психологиялық қанағат шкаласы» және «Сәйкестілік стильдері сауалнамасы» қолданылады. Іріктеме 2023-2024 оқу жылында көп сатылы кластер әдісімен таңдалған 256 ұл және қыз студенттерден (158 қыз және 96 ұл) тұрды. Сәйкестік стилі мен психологиялық қанағат арасындағы байланыс регрессия арқылы бағаланады, ал олардың арасындағы жыныстық белгілері бойынша айырмашылық тәуелсіз t-критерийінің көмегімен талданады. Нәтижесінде, нормативті сәйкестік стильдері мен психологиялық қанағат арасында мәнді оң байланыс және диффузды сәйкестік стильдері мен психологиялық қанағат арасында мәнді теріс байланысты көрсетті. Жыныстық ерекшелікке келетін болсақ, сәйкестік стилінің түрлері мен психологиялық қанағат арасында айтарлықтай айырмашылық анықталмады. Осылайша, сәйкестік стильдері мен психологиялық қанағат арасында мәнді байланыстың бар екендігі эмпирикалық тұрғыдан дәлелденеді.
ЖОО СТУДЕНТТЕРІНДЕГІ СӘЙКЕСТІЛІК СТИЛЬДЕРІ МЕН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚАНАҒАТ АРАСЫНДАҒЫ ӨЗАРА БАЙЛАНЫС
Жарияланған October 2024
30
31
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Ордагулова, Д. 2024. ЖОО СТУДЕНТТЕРІНДЕГІ СӘЙКЕСТІЛІК СТИЛЬДЕРІ МЕН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚАНАҒАТ АРАСЫНДАҒЫ ӨЗАРА БАЙЛАНЫС. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 80, 3 (Жов 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2024.80.3.015.