Мақалада бастауыш сынып оқушыларының үздіксіз білім беру жүйесінде біліктілігін арттыру жүйесін құруда нейродидактикалық контент мазмұнын тиімді қолданудағы психологиялық мүмкіндіктердің маңызы мен мәнін айқындауға арналған зерттеулер жүргізіледі. Негізгі зерттеу бағыты бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби даярлық негізіндегі құзыреттілігін арттыруға нейроғылым мазмұнын курс мазмұнына кіріктіріп оқытудың тиімді тұстарын айқындауға арналған. Бастауыш сынып мұғалімдерінің когнитивті және эмоционалдық дағдыларын дамытуға нейродидактикалық контент әсерін талдау негізінде, оны білім алушылардың интелектісінің дамуына бағытталған оқу жоспарына тиімді кіріктіру тұстарын, бейімдеу мүмкіндіктерін қарастырудан тұрады. Баса назар нейроғылымның сауаттылық, сыни ойлау мен зияткерлік дамуға әсері қарастырылған. Мақала барысында зерттеуге 325 бастауыш сынып мұғалімдері қатысқан, зерттеу нәтижелеріне сандық және сапалық талдау жүргізілген. Мақала қорытындысында нейродидактикалық контентті бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстарында оқыту қажеттілігі айқын және ол өз кезегінде әр білім алушының жеке әлеуетін көтеруге әсері зор екені мәлімденеді.
Мақала БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ НЕЙРОДИДАКТИКАЛЫҚ КОНТЕНТ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
Жарияланған December 2024
133
0
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
бастауыш сынып мұғалімі, біліктілік арттыру курсы, нейродидактикалық контент, психологиялық мүмкіндік, интеллект, нейроғылым.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Умирбекова, А. і Ш.Б. Калбергенова , . 2024. Мақала БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ НЕЙРОДИДАКТИКАЛЫҚ КОНТЕНТ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 81, 4 (Груд 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2024.81.4.024.
