Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

ҮЛКЕН ЖЕТІЛІК (G7) ЕЛДЕРІНДЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІН ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА ЕНДІРУДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ

Жарияланған October 2024

52

47

КазАТиСО
Аңдатпа

Мақалада Үлкен жетілік (G7) елдеріндегі психологиялық қызметтің заманауи әдіс-тәсілдерін орта білім беру ұйымдарына ендіру барысында кездесуі мүмкін кейбір мәселелерді анықтау жұмыстарының маңыздылығы мен барысы қозғалған. Мақала мазмұнында зерттеу тақырыбының бүгінгі уақыттағы өзектілігіне тоқтала отырып, тақырыптың әдіснамалық негіздеріне назар аударылады. Оның ішінде осы білім саласындағы салыстырмалы зерттеулердің, шығу тарихынан бастап, «Салыстырмалы педагогика» ұғымын ғылымға алғаш енгізген ғалым аталып көрсетілген. Салыстырмалы зерттеулердің үш кезеңі және  тарихи дамуы сипатталған. Алғашқы кезеңді он сегіз бен он тоғызыншы ғасырдың арасы деп нұсқай отырып, сол уақытта салыстырмалы зерттеулердің білім сапасын арттыратындығына сенгендігін көрсетеді. Екінші кезең мақалада жиырмасыншы ғасырмен байланысты қарастырылған. Осы уақытта салыстырмалы зерттеулердің тақырыбымен тікелей байланыста конференция өткендігі баян етіледі. Сонымен қатар осы кезеңде өмір сүрген ғалымдардың еңбектеріне де тоқталып өтеді. Осы тарихи деректерді келтіру барысында Фридрих Паульсенпен сол уақытта өмір сүрген  Джон Дьюидің еңбектеріне ерекше тоқталып жоғары баға берілген. Осылай лек – легімен көтерілген тарихи деректер біздің уақытымызға дейнгі аралықты суреттейді. Бүгінгі уақыттағы белгілі ғалымдар оның ішінде Г. Нургалиева, А. Жетписбаева, К. Кусаинов Ю. Мусин, Г. Наби, З. Урастаева, М. Кенесарина, Б. Есеева, Р. Туружанова, Н. Анарбек еңбектерінің жоғары бағаланатындығын айтып өткен.  

Мақалада көзделген мақсат бойынша, Үлкен жетілік (G7) елдеріндегі психологиялық қызметтің заманауи әдіс-тәсілдерін орта білім беру ұйымдарына ендіру барысында кездесуі мүмкін кейбір мәселелерді анықтау қажеттілігімен байланысты зерттеу әдістері даярланып, эксперименттік жолмен жүзеге асырылған. Сондай-ақ эксперимент барысында алынған нәтижелер арқылы Үлкен жетілік (G7) елдеріндегі психологиялық қызметтің заманауи әдіс-тәсілдерін орта білім беру ұйымдарына ендіру барысында кездесуі мүмкін мәселелер мен қиындықтардың қатары белгіленіп шешу жолдары ұсынылған.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Аксакалова, Ж. 2024. ҮЛКЕН ЖЕТІЛІК (G7) ЕЛДЕРІНДЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІН ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА ЕНДІРУДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 80, 3 (Жов 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2024.80.3.020.