Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

Жоғары сынып оқушыларының кәсіп таңдауына әсер етуші психологиялық факторлар

Жарияланған July 2024

76

83

Педагогика и психология
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Атемова Калипа Турсыновна

Атемова Қалипа Тұрсынқызы –  педагогика  ғылымдарының докторы, профессор, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті. Kalipa_atemova@mail.ru

 

 

Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Джексенбаева Калияш Оспановна

Джексенбаева Калияш Оспановна  - педагогика  ғылымдарының кандидаты, доцент М. Әуезов атындағы Оңтүстік қазақстан университеті, kalyash2020@mail.ru

Аңдатпа

 

Аңдатпа

 

Бүгінгі бәсекелестік өршіп тұрған заманда табысты еңбек етудің бірен бір шарты кәсіпті дұрыс таңдау екені рас. Осы тұста мектеп оқушыларының жоғары сыныпқа келген уақытынан бастап кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізу – олардың болашақтарына бағдар берумен байланысты шара болмақ. Мақала орта мектеп оқушыларының мамандық таңдауына арналады. Мақаланың негізгі мақсаты-жоғары сынып оқушыларын дұрыс бағдарлаудың ең жақсы тәжірибелері туралы хабардар ету және олардың мамандық таңдауына әсер ететін факторларды анықтау. Орта білім беру жүйесінде кәсіптік бағдар мектепті бітірер алдында іс-шаралар ретінде ғана емес, сондай- ақ бірге жалпы білім беру үрдісінің айырылмас  бөлігі ретінде қарастырылады. Бұл қазіргі заман талабына сай дамыған тұлғаны қалыптастырумен қатар оқушылардың болашақ өмір мен жұмысқа дайындаумен тығыз байланысты болып келеді. Мақалада тұлғаның заманауи талартарға сай кәсіби бағыты мен жалпы дамуына әсер ететін негізгі психологиялық факторларды қарастардық.

Мақалада қазақ зиялалыраның кәсіп таңдауда берген ұсыныстары педагогикалық және психологиялық, қоғамдық маңызлығымен сипатталып түсіндіріледі. Сондай-ақ, бүгінгі ғалымдар тұжырымдары да талданады.  Олар көзқарастары мен ұсыныстарының өміршеңдігі мен қолданысын байқау мақсатында диагностикалық жұмыстар сауалнамалар алу мен сұрақ-жауаптар арқылы анықталады. Нәтижелері арнайы диаграмма арқылы көрсетіліп, қорытынды жұжырым жасалады. Мақала соңында нақтылы ұсыныстар беру арқылы жоғары сынып оқушыларының кәсіп таңдауына бағдар жасалады.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Садыкова, А., Атемова , Қ. і Джексенбаева , К. 2024. Жоғары сынып оқушыларының кәсіп таңдауына әсер етуші психологиялық факторлар . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 79, 2 (Лип 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2024.79.2.020.