Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

АСЫРАП АЛУШЫ АТА-АНАЛАРДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ІРІКТЕУ ЖӘНЕ СҮЙЕМЕЛДЕУ ТҰРАҚТЫ АЛМАСТЫРУШЫ ОТБАСЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ РЕТІНДЕ

Жарияланған July 2024

62

58

НАО Университет Нархоз
Аңдатпа

Бұл мақалада әлеуетті асырап алушы ата-аналарды іріктеу мәселесінің өзектілігі көрсетілді. Сонымен қатар іріктеу процесінен кейін үміткерлермен дұрыс ұйымдастырылған тренинг пен сүйемелдеудің маңыздылығы аталады. Психологиялық іріктеу әдістерін сынау үшін он әлеуетті асырап алушы ата-ана таңдалды. Алғашқы бес үміткерге стандартталған сұхбат пен отбасы социограммасы, қалған бес үміткерге Басса-Дарки сауалнамасы және Спилбергер-Ханин мазасыздық шкаласы жүргізіліп, нәтижелері талданды.

Зерттеу мақсаты – қабылдаушы ата-ана болуға үміткерлерді психологиялық іріктеу мен сүйемелдеудің негізгі аспектілері мен зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, тиімді әдістерді ұсыну.

Әдіснамасы. Осы мақаладағы жұмыста бастапқы деректерді жинау және өңдеу, психологиялық тесттер мен сұхбат жүргізу және нәтижелерін талдау сияқты әдістер қолданылды.

Зерттеу нәтижелері. Жұмыс барысында әлеуетті асырап алушы ата-аналарды психологиялық іріктеудің және сүйемелдеудің өзектілігі анықталды. Психологиялық диагностика барысында стандартталған сұхбат, отбасы социограммасы, Басса-Дарки және Спилбергер-Ханин әдістерінің тиімділігі көрсетілді.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Сагидолда, Н. 2024. АСЫРАП АЛУШЫ АТА-АНАЛАРДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ІРІКТЕУ ЖӘНЕ СҮЙЕМЕЛДЕУ ТҰРАҚТЫ АЛМАСТЫРУШЫ ОТБАСЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ РЕТІНДЕ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 79, 2 (Лип 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2024.79.2.016.