Зерттеу зорлық-зомбылық көрсететін адамның қарым-қатынас жасау кезіндегі сөйлеу мінез-құлқының психолингвистикалық ерекшеліктеріне баса назар аудара отырып, оны жан- жақты талдауға арналған. Мақала осы мәселеге арналған әдебиеттерді теориялық талдауға және жыныстық сипаттағы қылмыс жасаған адамдардың сөйлеу ерекшеліктерін эксперименттік тұрғыда зерттеуге негізделген. Агрессивті мінез-құлыққа бейімділіктің индикаторы болып табылатын нақты сөйлеу маркерлерін анықтауға басты назар аударылған. Әдеби дереккөздерді талдау зорлық-зомбылық көрсететін адамдардың көп жағдайда зорлық-зомбылық жасауының алғы шарттары бар екенін, зорлық-зомбылық көрсететін адамның сөйлеу мінез-құлқын қалыптастыратын факторларды көрсеткен, сонымен қатар алынған теориялық білімдер негізінде осы салада жұмыс жасайтын мамандар үшін практикалық маңыздылығы жоғары болып табылатын сөйлеу мінез-құлық ерекшеліктерін анықтау үшін әзірленген сауалнама арқылы зерттеу жүргізген. Зерттеу бірнеше кезеңде жүргізілген, өйткені зерттеу барысында мақсатты нәтижелерге қол жеткізу үшін бір ғана кезең болуы жеткіліксіз болып табылады. Зерттеу зерттелетін тақырыпқа сай үш жақты бағыт түрінде өткізілген, сондықтан зерттеуге зорлық-зомбылыққа қатысы бар әртүрлі тараптар қатысқан. Эксперименттік зерттеу жүргізу барысында зорлық-зомбылық көрсететін адамның алға қойған мақсатына сәтті жетуіне әкелетін сөйлеу мінез-құлқының ерекшеліктерінің теориялық алғышарттары расталған.
ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ КӨРСЕТЕТІН АДАМНЫҢ СӨЙЛЕУ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ СӨЙЛЕУ МАРКЕРЛЕРІН АНЫҚТАУ
Жарияланған June 2024
39
0
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Кудайбергенова, А., Дуйсенбеков, Д., Калымбетова, Э., Урисбаева, А., Садыкова, Н. і Кудайбергенова, А. 2024. ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ КӨРСЕТЕТІН АДАМНЫҢ СӨЙЛЕУ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ СӨЙЛЕУ МАРКЕРЛЕРІН АНЫҚТАУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 79, 2 (Чер 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2024.79.2.012.