Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

СТУДЕНТТЕРДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭМОЦИЯЛЫҚ ИНТЕЛЛЕКТ ДАМУЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ МЕН ОНЫҢ ОҚУДАҒЫ ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ МОТИВАЦИЯСЫНА ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ

Жарияланған July 2024

61

42

ЕНУ им. Л.Н. Гумилева
Аңдатпа

Мақалада студенттердегі әлеуметтік және эмоциялық интеллектінің дамуының маңыздылығы айқындалып, оның оқудағы жетістікке жету мотивациясына әсері зерделенеді. Теориялық зерттеу негізінде еліміздегі, ресейлік және шетелдік ғылыми еңбектерге талдау жасау арқылы әлеуметтік интеллект түсінігінің тарихи даму тұжырымдары жүйелене отырып, нақты кестелік тұрғыда салыстырмалы деректер дәйектеледі. Әлеуметтік ұғымына қатысты авторлық анықтама ұсынылады. Әлеуметтік интеллект адамдар арасындағы тиімді қарым-қатынас пен әлеуметтік-психологиялық жағдайға бейімделе отырып, жетістікке жетуде көрінетін тұлғаның интегралды, әрі интеллектуалды қабілеті ретінде тұжырымдамаланып, оның дамуы адамның өмірі мен іс-әрекетіндегі маңыздылығын айқындайды. Сондай-ақ, эксперименттік зерттеулер жүргізу негізінде эмоциялық интеллектінің әрбір шкаласы, әлеуметтік интеллектінің әрбір шкалалары мен жетістікке жетудегі экстернал мен интерналдар арасындағы байланыс Пирсонның корреляциялық коэффициенті негізінде анықталады. Эмоциялық интеллект пен өзін-өзі реттеу және эмпатия арасында оң мәнді күшті байланыс бар. Ал, өзіндік мотивация мен эмоциялық интеллект және өзара әрекеттесу дағдысы арасында оң мәнді, бірақ аз ғана байланыс бар екендігі анықталды. Сондай-ақ, зерттеу нәтижелері эмоциялық интеллект пен жетістікке жетудің интернал көрсеткіші арасында күшті байланыс бар екендігі дәлелденеді.   

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Сабырбай, Б., Айкинбаева , Г.К. , Бердибаева , С.К. і Нураддинов , А.С. 2024. СТУДЕНТТЕРДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭМОЦИЯЛЫҚ ИНТЕЛЛЕКТ ДАМУЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ МЕН ОНЫҢ ОҚУДАҒЫ ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ МОТИВАЦИЯСЫНА ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 79, 2 (Лип 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2024.79.2.008.