Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ СТРЕСІН АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ОҒАН ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Жарияланған May 2021

125

108

Аңдатпа

Мақала бүгінгі күні бүкіл әлем ғалымдарының назарын аударып отырған мәселе – білім алушылардың стресін алдын алу және оған тұрақтылықты дамытудың теориялық негіздеріне арналып отыр. Ол ең алдымен, жеке тұлғаның денсаулығына, жалпы тіршілік әрекетінің барлық салаларында алатын әлеуеттік орны мен жаһандық өзгерістерге төзімділігін дамытудағы мүмкіндіктерімен байланысты. Автор зерттеу проблемасына байланысты шетелдік, отандық ғылыми-зерттеу жұмыстарына жан-жақты талдау жасай отырып, оның негізін құрайтын теорияларға, тұжырымдамалары негізінде стрестің пайда болуы, оны тудыратын стрессорлар, стресті бағалау түрлері ашылған. Бүгінгі таңдағы білім алушылардың, оның ішінде студенттердің стресін алдын алу және оған тұрақтылықты дамытудың тәсілдеріне сипаттама беріп, олардың басымдылықтарын ашуға тырысқан.

Стресті алдын алуға арналған зерттеу жұмыстарға сүйене отырып, стрессті жеңу бойынша келесі негізгі компоненттерді, басшылыққа алынатын технологиялар сараланған. Автор көтерілген мәселенің қазіргі таңдағы өзектілігін стреске төзімділік пен оған бейімделу ағзада дамитын үш өзгерістерге ықпал ететіндігімен, яғни күйзеліске төзімді жүйелер мен адаптивті механизмдер қуатының артуымен, күйзеліс көзін қайталау кезінде күйзеліс реакцияларының азаюымен, жүйке орталықтарының реактивтілігінің төмендеуімен сипатталатындығы тұжырымдаған

pdf
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Жангозиева М.С. 2021. БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ СТРЕСІН АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ОҒАН ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 62, 1 (Трав 2021). DOI:https://doi.org/10.51889/2020-1.1728-7847.09.