Бұл мақала университет оқытушылары мен жас ғалымдардың зерттеу белсенділігін арттыруда Аction research (іс-әрекеттегі зерттеу) сынды зерттеудің бейформалды түрлерімен айналысудың жолдары және оларға психологиялық және педагогикалық қолдау көрсету ерекшеліктері айтылады. Педагогикалық-психологиялық қолдау – фасилитацияны жүргізу техникалары мен оларды қолдану ерекшеліктері анықталған.
Мақаланың мақсаты – ЖОО профессорлық-оқытушылар құрамының және жас ғалымдардың кәсіби тәжірибелеріне Action Research сынды зерттеу формаларын интеграциялау процессінде олардың зерттеу белсенділіктерін арттыруға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мүмкіндіктерін анықтау болып табылады.
Авторлар, Абай университетінің жас зерттеушілерін «Action Research» тәсілін өз тәжірибелерінде қолдануға шақырып, оларға фасилитациялық қызмет көрсету арқылы жетістіктерге жетудің жолдары мен оларға қолайдлы орта туғызу мәселесін қарастырады. Сондай-ақ, ЖОО оқытушылары мен жас ғалымдардың зерттеу жұмысын психологиялық-педагогикалық фасилитациялау білім беру сапасын арттырып, оқу процесінің табысты болуын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады, - дейді. Бұл оқытушылардың кәсіби өсуіне және зерттеу іс-әрекетіне деген ынтасын арттыруға ықпал ететіндігін дәлелдеп отыр.