Математикалық индуктивті ойлау бастауыш сынып оқушыларының ақыл-ой қабілеттерін дамытудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл оларға мектепте және өмірде алған білімдерін жалпылауға және жүйелеуге мүмкіндік береді.
Бұл мақалада біз бастауыш сынып оқушыларында математикалық индуктивті ойлаудың даму ерекшеліктерін қарастырамыз және бұл процесте оларға қандай әдістер мен тәсілдер көмектесетінін анықтаймыз. Шетелдік зерттеулер мен озық тәжірибелерді қолдана отырып, бастауыш сынып оқушыларының математикалық индуктивті ойлау қабілеттері зерттеледі. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеттерін жетілдіру үшін елімізде индуктивті ойлау қабілетін зерттеу әдістерін әзірлеу өзекті болып табылады. Біздің мақсатымыз - Қазақстан мектептерінің бастауыш сынып оқушыларында индуктивті ойлауды анықтауға арналған тестті стандарттау. Біз зерттеу жұмысымыздың мақсатына сүйене отырып, бастауыш мектеп оқушыларының математикалық индуктивті ойлау деңгейін анықтау үшін М. Липпманның «логикалық заңдылықтар» тесті мен А.З. Зактың «арифметикалық тапсырмалар» әдісін қолдандық. Сынақ жалпы білім беретін мектептерден 32 оқушыдан алынды. Оқушылардың жасы 8-9 жас, 3 сынып оқушылары. Әдістемені орындау барысында талдау, жалпылау, салыстыру қабілеттері зерттелді.