Мақалада Қазақстанда және Түркияда оқитын қазақ студенттерінің психологиялық әл-ауқатының төзімділік, стресстік күйзеліс және үйлесімділік сезімдерімен байланыстылығын анықтау мақсатында теориялық және эксперименттік зерттеу жүргізілді. Студенттердің психологиялық әл-ауқат көріністері мен оның дамуына әсер ететін факторлардың маңыздылығы тұжырымдалған бірнеше шетелдік ғылыми еңбектерге талдау жасалады. Зерттеудің эксперименттік бөлімінде Созылмалы стрессті анықтауға арналған Лейпциг экспресс-тестін, А. Антоновскийдің үйлесімділік сезімі (SOC - Sense Of Coherence) шкаласын, Wagnild және Young-тің төзімділік шкаласын және PERMA-Profiler сауалнамасы қолданылды. Зерттеуден алынған нәтижелерге статистикалық және корреляциялық талдау жасалады. Зерттеу деректері бойынша Түркияда да, Қазақстанда да оқитын респонденттердің стресстік күйзеліс деңгейінің орташа екендігі, екі ел студенттерінің жалпы үйлесімділік сезімі жоғары көрсеткішке ие екендігі, төзімділік шкаласы бойынша да студенттердің өзін және өз өмірін қабылдау көрсеткіштеріне қарағанда тұлғалық құзіреттілік көрсеткіштері жоғары екендігі туралы мәлімет алынған. Тек PERMA-Profiler әл-ауқат сауалнамасы нәтижелері бойынша ғана Түркияда білім алып жатқан қазақстандық студенттердің бақыт деңгейі өте жоғары (89,66%). Қазақстанда оқитын қазақ студенттерінің деңгейі жоғары (82,4%) екендігі, оған қоса, Қазақстанда оқитын қазақ студенттерімен салыстырғанда Түркияда оқитын қазақ студенттерінің негативті эмоциялары мен жалғыздық сезімдері төмен екендігі байқалады. Қазақстанда және Түркияда оқитын қазақ студенттерінің стресстік күйзеліс көрсеткіштері мен үйлесімділік сезімі, төзімділік пен психологиялық әл-ауқат сезімі арасында жағымсыз, әлсіз, бірақ маңызды байланыс бар екендігі, сондай-ақ, психологиялық әл-ауқат, төзімділік қасиет және үйлесімділік сезімі арасында әлсіз, жағымды өзара байланыс бар екендігі дәйектеледі.
ҚАЗАҚСТАНДА ЖӘНЕ ТҮРКИЯДА ОҚИТЫН ҚАЗАҚ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ОЛАРДЫҢ ҮЙЛЕСІМДІЛІК СЕЗІМІ МЕН ТӨЗІМДІЛІК ҚАСИЕТІМЕН БАЙЛАНЫСЫ
Жарияланған March 2024
51
54
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
Қазақстанда оқитын қазақ студенттері
ҚазақстандТүркияда оқитын қазақ студенттері
психологиялық әл-ауқат
стресстік күйзеліс
үйлесімділік сезім
төзімділік шкаласы
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
BAIZHUMANOVA, B. і Сахиева, Ф. 2024. ҚАЗАҚСТАНДА ЖӘНЕ ТҮРКИЯДА ОҚИТЫН ҚАЗАҚ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ОЛАРДЫҢ ҮЙЛЕСІМДІЛІК СЕЗІМІ МЕН ТӨЗІМДІЛІК ҚАСИЕТІМЕН БАЙЛАНЫСЫ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 78, 1 (Бер 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2024.78.1.015.