Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

БАСШЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРМЕН ІСКЕРЛІК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР

Жарияланған April 2024

40

61

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы
Аңдатпа

Басшылар, қызметкерлер және жұмыс ортасы арасындағы күрделі өзара әрекеттестік ұйымның табыстылығын анықтайды. Осыған байланысты жұмыстың мақсаты Қазақстанның мемлекеттік қызметін жетілдіру бойынша заманауи өзгерістерді ескере отырып, еңбекті ұйымдастырудың жаңа нысандары мен әдістерін зерттеу болып табылады. Жаңа мемлекеттік басқарудың осы мақсаттарына жету үшін мемлекеттік қызмет матрицалар мен командалар сияқты икемді деп аталатын ұйымдастырудың әртүрлі нысандарына деген қызығушылығын танытуда. Ұйымдастырудың бұл жаңа тәсілдері сөзсіз мемлекеттік қызметтегі менеджерлердің рөліне, топтар мен қызметкерлердің өзара әрекет ету стратегияларына әсер ететін сұрақтарды қарастырады.

Тақырыптың ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы осы білім саласындағы менеджментті басқарудағы заманауи тенденцияларды ескере отырып, Қазақстандағы мемлекеттік қызметті басқару моделін анықтау шеңберінде жеткілікті түрде зерттелмегендігінде. Ғылыми жұмыс барысында авторлар ұйымдық модельдерді зерттеп, трансформациядан өтіп жатқан дәстүрлі ұйымдарға менеджменттің жаңа әдістерін енгізу бойынша нақты ұсыныстарды ұсынады. Зерттеу барысында мемлекеттік қызметкерлердің мінез-құлық мен оны алдын алудың жоғары стандарттарын қамтамасыз етудегі басқару шараларының деңгейін бағалау онлайн сауалнама жүргізген.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздерін қарастыруда олардың арасында туындайтын байланыстарды ескере отырып зерттеуге мүмкіндік беретін жалпы ғылыми әдістермен қатар нақты ғылыми аналитикалық әдістермен де (сипаттау, салыстырмалы талдау, жүйелі шолу, іздеу стратегиясы, жүйелік талдау және т.б.) сабақтастыра отырып қарастырылған.

Мақала авторлары жұмыс жағдайларының өзгеруіне байланысты басқарудың күшті көлденең бағыты өз өзектілігін жоғалтып, оның орнына гибридтік өкілеттіктерге ие менеджер басқаратын автономды және жартылай автономды командалар басып жатқандығын, сонымен қатар көпсалалы функционалдылық пен белгілі бір дәрежеде тәуелсіздікке ие болуы үлкен жауапкершілікті қажет етеді деген қорытындыға келген. Авторлар желілік менеджерлерді қызықтыру және ынталандыру үшін ептілік ортаға ауысатын аға менеджерлер өолдау мақсатында 6 тармақтан тұратын жол картасын әзірлеген. Бұл ұсынымдар жоғары оқу орындарында бейіндік пәндер бойынша оқыту шеңберінде, сондай-ақ біліктілікті арттыру курстарында және барлық қызығушылық танытқан сарапшылар мен ғылыми қауымбастықтарда пайдаланылуы мүмкін.

pdf (Русский)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Abdykalikova, M. 2024. БАСШЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРМЕН ІСКЕРЛІК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 78, 1 (Квіт 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2024.78.1.010.