Бұл мақалада – Шымкент қаласындағы көмекші өкілдер: дәрігерлер мен жоғары оқу орындарының оқытушыларының арасындағы кәсіби күйзелісті зерттеу кезінде эмоционалдық қажу синдромы (ЭҚС) және сабырлы мінез- құлық көрсеткіштерін зерттеу нәтижелері берілген.
Осылайша, зерттеу барысында біз субфакторлық эмоционалды қажу мен сабырлы мінез-құлық белгілері арасындағы оң және теріс корреляцияны анықтадық. Осы мақсатта біз динамикалық-процессуалды және қорытынды тұжырымдамаларының әдістемесіне негізделген эмоционалды қажудың диагностикасын қолдандық (үш факторлы модель негізінде құралған социономика мамандарына арналған стандартталған сауалнама, Maslach C, Jackson SE, , Б.Бойко В. «Эмоционалды қажу деңгейінің диагностикасы», проактивті копинг сауалнамасы (Proactive Coping Inventory).
Белгілі бір белсенді күрес стратегиялары тұлғаның кәсіби деформацияларының жағымсыз көріністерімен байланысты деген қорытындыға келдік.
Соңғысы психологиялық көмек көрсетуде және ЭҚС-ның мақсатты алдын алуда шешуші рөл атқарады, өйткені ол оның себептеріне әсер етеді.