Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ КӘСІБИ ӨЗІН-ӨЗІ АНЫҚТАУ МӘСЕЛЕСІ

Жарияланған March 2024

93

12

КазНПУ имени Абая
Аңдатпа

Мақалада жоғары сынып оқушыларының кәсіби және жеке өзін-өзі анықтау мәселесі талданады, ол қоғам дамуының қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайында айтарлықтай өзекті мәселе болып отыр. Психологиялық-педагогикалық бағыттағы ғылыми зерттеулер осы көп қырлы мәселені шешудің тиімді жолдарын іздеуге бағытталған. Яғни, оқушылардың қалыптасқан оқу-танымдық мүдделеріне ерекше назар аударылады. Сондай-ақ, теориялық-әдіснамалық зерттеулердің негізінде тәжірибелік-эксперимент жұмысы ұйымдастырылды, ол 3 кезеңнен тұрады: анықтау, қалыптастыру және қорытындылау. Анықтау экспериментіне Тараз қаласы, Ы.Алтынсарин атындағы № 49 мектеп-гмназиясының 10-11 сыныптар оқушылары (48-оқушы) қатысты. Эксперимент тобында 23 оқушы,  бақылау тобында 25 оқушы. Экспериментке дейінгі және эксперименттен кейінгі мәліметтерді алу үшін Е.А.Климовтың «Дифференциалдық-диагностикалық сұрақтамасы» және Дж.Холландтың  кәсіби өзін-өзі анықтау әдістемелері қоладнылып, нәтижелердің сенімділігі мен тұрақтылығын Спирмен корреляция көмегімен және ораша мән айырмашылықтарын Стьюденттің t-критериімен анықталды. Зерттеу оң нәтижесін берді.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Айтенова, Э., Айгуль, Д., Гульжан, М. і Алия, К. 2024. ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ КӘСІБИ ӨЗІН-ӨЗІ АНЫҚТАУ МӘСЕЛЕСІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 78, 1 (Бер 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2024.78.1.008.