Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

«СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫНЫҢ» СУИЦИДТІҢ АЛДЫН АЛУДАҒЫ РӨЛІ

Жарияланған March 2024

8

1

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Психикалық сауықтыру орталығы
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Аңдатпа

Көптеген зерттеулер суицидтік аспектілерді тереңірек түсіну оның алдын алу шараларын жақсартуға және осылайша жалпы суицидті азайтуға көмектесетінін көрсеткен.  Зерттеудің мақсаты – халықтың психикалық жай-күйі мен суицидтік белсенділігіне әсер ететін факторлар кешенін анықтау. Суицидтік тәуекелдің өзекті факторларына психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстардың болуы, сондай-ақ суицидтік әрекетке бейім және аталған әрекеттерді жүзеге асыруды күшейтетін тұлғалық қасиеттер жатады. Зерттеу барысында тұлғаның суицидтік мінез-құлқын күшейтетін факторлардың (биологиялық, әлеуметтік және клиникалық) өзара тығыз байланысы көрсетілді. Осыған орай, көп арналы байланыс жасауға қызмет ететін «Сенім телефоны»-ның жұмыс істеуі тек Алматы қаласының ғана емес, сонымен қатар шалғай елді мекендердің тұрғындарына стрестік және қиын өмірлік жағдайларға тап болған жағдайда, стресстік күйлерінің және суицидтік тенденциялар дамуының ерте кезеңінде тәулік бойы тегін анонимді көмек алуларына мүмкіндік береді.  

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
А.Ж. Құдайбергенова, М.С. Ибашова, Д.Д. Дуйсенбеков, Э.К. Қалымбетова і Н.М. Садықова 2024. «СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫНЫҢ» СУИЦИДТІҢ АЛДЫН АЛУДАҒЫ РӨЛІ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 78, 1 (Бер 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2024.78.1.005.