Ғылыми мақалада тұтықпа балаларға педагогикалық және психологиялық көмек көрсетудің шарттары, логопедиялық, психологиялық түзету жұмыстарының мәселелері қамтылған. Тұтықпа балалардың сөйлеу тіл ерекшеліктерін ескере отырып, мамандардың жан-жақты қолдауы ғылыми тұрғыда негізделген. Психологиялық көмек көрсетудің коррекциялық мәні жан-жақты талқыланып, шетелдік және ресейлік психологтардың тұтықпа балалардың сөйлеу тіл ерекшеліктерінің тұлғалық дамуына тікелей әсері мысал ретінде берілген. Тұтықпаны кешенді түзетудің бағыттарын талдай келе, сөйлеу тіл бұзылысын жоюда қолданылатын заманауи кешенді әдістердің толық нәтижеге қол жеткізу жағдайлары теориялық және практикалық тұрғыдан талданды.
ТҰТЫҚПАСЫ БАР БАЛАЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУДІҢ КОРРЕКЦИЯЛЫҚ МӘНІ
Жарияланған January 2024
79
68
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
тұтықпа,
психологиялық көмек
кешенді әдістер
патологиялық бұзылыс
логопедиялық ықпал ету
тахилалия
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Оспанова А.С., ., Өмірбек С. Ж., . і Момбиева Г.Ә., . 2024. ТҰТЫҚПАСЫ БАР БАЛАЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУДІҢ КОРРЕКЦИЯЛЫҚ МӘНІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 77, 4 (Січ 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2023.77.4.025.