Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ҮЛКЕН ЖЕТІЛІК (G7) ЕЛДЕРІНДЕГІ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ САЛЫСТЫРМАЛЫ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ

Жарияланған December 2023

61

113

Аңдатпа

Мақала Қазақстан және Үлкен жетілік (G7) елдерінің орта білім беру жүйелеріндегі психологиялық қызметті ұйымдастыру және іс-әрекетін салыстырмалы-педагогикалық зерттеу мәселесіне арналған.  Отандық және Үлкен жетілік елдеріндегі мектептерде психологиялық қызметті ұйымдастыру мен мазмұнын зерттеуге компоративистік тұрғыдан келу мектептердегі педагогикалық процесті психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің жаңа шындықтары мен талаптары, оқушылардың жаңа ұрпағын оқыту, тәрбиелеу және дамытудың психологиялық мәселелерінің күрделенуімен айқындалады. Мектептің психологиялық қызметін ұйымдастырудың халықаралық озық тәжірибелері отандық жалпы білім беру жүйесінің практикасына сауатты трансформациялануы Қазақстан мектептерінде білімдік-тәрбиелік процесті және оқушылар тұлғасын дамытудың маңызды құралына айналуы мүмкін.

G7 елдеріндегі көптеген озық тәжірибелерді отандық білім беру жүйелерін реформалауда қолдануы, оқушылардың цифрлық ұрпағын оқыту мен тәрбиелеудің жаңа шындықтары, педагогикалық процесс субъектілерінің психологиялық мәселелерінің күшеюі шет елдік мектептердің психологиялық қызметін зерттеу және оларды отандық мектептердің жаппай практикасында қолданудың жаңа мүмкіндіктерін табуға жол ашады.

Мақалада АҚШ, Ұлы Британия, Канада, Франция, Италия, Германия, Жапония елдеріндегі жалпы білім беру ұйымдарында психологиялық қызметті ұйымдастырудың ерекшеліктері қарастырылады. Тарихи-генетикалық және инновациялық аспектілерде G7 мемлекеттері мен Қазақстан орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметті салыстырмалы талдау өткізілген. Шет елдік озық тәжірибелерді Қазақстан жалпы білім беретін мектептерінің психологтары іс-әрекетіне трансформациялаудың кейбір мүмкіндіктері анықталып, қорытындылар мен тұжырымдар жасалынған. G7 мемлекеттері озық тәжірибелерін қолдану жолымен өз шешімін табатын отандық жалпы білім беру мектептері психологиялық қызметін ұйымдастырудың мәселелері атап көрсетілген.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Нуржигитов А.С. , ., Алметов Н.Ш. , ., Аксакалова Ж.К., . і Сахиева Ф.Ә, . 2023. ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ҮЛКЕН ЖЕТІЛІК (G7) ЕЛДЕРІНДЕГІ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ САЛЫСТЫРМАЛЫ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 77, 4 (Груд 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2023.77.4.031.