Студент жастар зерттеу үшін жетекші топ болып табылады, себебі олар өмір бойына серіктес таңдауда шешім қабылдау мен маңызды қатынастарды қалыптастыру кезеңінде.
Зерттеудің мақсаты студент жастар арасында неке серіктесін таңдаудың жеке стратегияларына әсер ететін тұлғалық факторларды анықтау боп табылады.Бұл мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылған: неке серіктесін таңдаудың жеке стратегиялары бойынша әдебиеттерге шолу жасау, зерттеу әдістемесін әзірлеу және алынған нәтижелерді өңдеу.
Зерттеу әдістемесі аясында әзірленген сауалнама мынадай сұрақтарды өзіне кіріктірді: неке серіктесін таңдауда студенттердің тұлғалық сипаттамалары мен қалаулары, яғни әлеуметтік мәртебесі, діни көзқарастары, құндылықтар, қаржылық қамтамасыз етілуі.
Сауалнама сұрақтардың анықтығы мен толтыру уақытын бағалау мақсатында алдын ала студенттердің шағын тобында сынақтан өтті.Кейін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенттері арасында таратылды.
Жүргізілген зерттеу негізінде келесідей түйін жасауға болады, яғни неке серіктесін таңдауда мынадай: ақыл, шынайылық, өзіне сенімділік, жанашырлық, мейірімділік пен адалдық сияқты тұлғалық қасиеттер маңызды әсер етеді. Келесідей экономикалық факторлар, яғни материалдық жағдайы мен әлеуметтік мәртебе тұлғалық сипаттамалармен салыстырмалы түрде аз мән ие.Алынған нәтижелер психологтар, отбасылық кеңесшілер және өзге де мамандар үшін пайдалы болуы мүмкін.