Мақала теориялық зерттеу болып табылады. Мақалада психологиялық ғылыми әдебиеттердегі мотивация ұғымы мен жетістікке жету мотивациясы феномендері теориялық тұрғыда талданады. Мотив, мотивация және жетістікке жету мотивациясы түсініктерінің сипаттамасы әр түрлі ғалымдар тұжырымдары бойынша дәйектеледі. Мотивация теориясы және жетістікке жету мотивациясының танымалы теорияларына қоса, соңғы ғылыми эксперименттік зерттеулердегі негізгі идеялардың теориялық аспектілері жан-жақты тұжырымдалады. Мақаланың маңыздылығы ғылыми дереккөздердің негізінде теориялық талдау, жалпылау, нақтылау және жүйелеу тәсілдері арқылы – тұлғаның жетістікке жету мотивациясы оның ішкі (жекелік, даралық) позициясы мен мақсатқа бағыттылығының айқын болуына байланыстылығы айқындалады. Мотивацияның жоғарылығы мен жетістікке жету нәтижелігінің өзара байланысы, студенттердің оқу белсенділік мотивациясы мен оқу үлгерімінің өзара байланыстылығы айқындалады. Оған қоса жетістікке жету мотивациясын дамытудың жас ерекшеліктік және іс-әрекеттік тұжырымдары пайымдалады.
Психология ғылымындағы жетістікке жету мотивациясының теориялық негізі
Жарияланған January 2024
96
138
Аңдатпа
Тіл
Русский
Кілтті сөздер
мотив
мотивация
мотивация теориясы
жетістікке жету мотивациясы
ішкі позиция
мақсатқа бағыттылық
тұлға белсендігі
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Ертукешова, Г., Байжуманова , Б. і Кулжабаева, Л.С. 2024. Психология ғылымындағы жетістікке жету мотивациясының теориялық негізі. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 77, 4 (Січ 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2023.77.4.019.