Қазіргі уақытта, арнайы білім берудің белсенді дамуы жағдайында педагогтар интеллекті бұзылған әрбір кіші оқушының танымдық процестерін дамыту арқылы білім сапасын арттыруға ұмтылады. Осы санаттағы балалар оқу кезінде қазіргі заманғы білімнің белгілі бір стандарттарын меңгеріп қана қоймай, осы білімді нақты өмірде пайдалануды үйренуі тиіс.
Бұл мақалада болашақта осы санаттағы балалармен түзету жұмысының жолдарын анықтау үшін интеллектісі бұзылған бастауыш сынып оқушыларының танымдық үдерістерінің деңгейін анықтау бойынша эксперименталдық жұмыс қарастырылған.