Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПОЛИГРАФТЫ ҚОЛДАНУДЫҢ БОЛАШАҚ КӨРІНІСІ

Жарияланған May 2021

69

41

Аңдатпа

Бұл мақалада жұмысқа үміткерлерді іріктеудің отандық және шетелдік тәжірибеде полиграфты қолданудың теориялық және қолданбалы аспектілеріне талдау жүргізіледі. Мұнда кадрлық жұмыста полиграфты қолданудың тұжырымдамалық, этикалық және дәлелді негіздері қарастырылады.

Мақалада ұйымдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімді құралы ретінде полиграфты пайдаланудың орындылығы негізделеді, кадрлық тексеру кезінде қолданылатын мәселелердің негізгі тақырыптары, сондай-ақ полиграф арқылы алынған деректер негізінде жасалған қорытындылардың дұрыстығы айқындалады. Полиграфта тестілеуді өткізу сапасы мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді, мұнда кәсіби құзыреттілігі мен бастапқы дайындық сапасы маңызды.

Отандық полиграфологтарды даярлаудың бірыңғай әдістемесін әзірлеу, оларды кейіннен аттестаттау, сондай-ақ полиграфологиялық қызметті ғылыми қамтамасыз ету қажеттігі көрсетілген. Соңғысы маңызды мәнге ие, өйткені полиграфты қолданудың сапасы мен тиімділігін арттыру үшін Қазақстанның әлеуметтік-мәдени ерекшеліктеріне бейімделген полиграфта тестілеудің жаңа әдістерін бейімдеу және әзірлеу талап етіледі. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің теориялық және практикалық психология кафедрасы жанынан жаңадан құрылған психофизиологиялық зертхананың ғылыми зерттеулерінің басым бағыттары анықталды. Олардың ішінде ең маңыздысы бір жағынан жасырылған ақпаратты анықтаудың табыстылығына әлеуметтік - мәдени, мағыналық және психологиялық ұстанымдардың әсерін зерттеу, екінші жағынан-өтірік феноменін зерттеу кезінде жеке-психологиялық тетіктердің көрінуін зерттеу болып табылады.

pdf (Русский)
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Нурмаханбетов А.Л.1, Закарьянова Ш.Н.2 2021. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПОЛИГРАФТЫ ҚОЛДАНУДЫҢ БОЛАШАҚ КӨРІНІСІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 63, 2 (Трав 2021). DOI:https://doi.org/10.51889/2020-2.1728-7847.34.