Мақалада болашақ психологтардың кәсіби қызметінің негізгі бағыттары, соның ішінде эмоционалды аймағы қарастырылып отыр. Мұнда эмоцияның ғылыми-теориялық негіздері бойынша отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріне психологиялық талдау жасалды. Эмоция психолог қызметінде маңызды рөлді атқаратындығы туралы сипаттамалар берілді. Психолог қызметінің қазіргі кездегі сұранысы мен ондағы көрсетілетін қызмет түрлерінің ерекшеліктеріне де шолу жасалды. Мұнда психологиялық қызмет қандай бағытта атқарылса да ондағы психологтың эмоционалды интеллектісі ерекше орын алатындығы туралы теориялық тұжырымдар қарастырыла келіп бұл мәселе аясында бірінші және төртінші курс аралығындағы «Психология» мамандығында оқитын студенттерге зерттеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеуге қатысқан студенттердің берген нәтижелері бойынша Крускал-Уоллистің өлшемі бойынша статистикалық талдау жасалып, олардың эмоционалды интеллектілері шкала бойынша анықталып, көрсеткіштері талданды. Болашақ психологтардың жоғары оқу орнында алатын білімдері мен дағдылары олардың кәсіби іс-әрекеттерінде жүзеге асуы туралы болжамдар бұл мақалада эмоционалды интеллектімен байланыс тапты. Мақаламыздағы деректер арқылы болашақ психолог үшін өзінің эмоционалды күйін бағалай білу мен басқара білу ерекшеліктері туралы мағұлыматтар өз маңыздылығын көрсетті.
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Г.С.Турсунгожинова1 , Г.Ж.Сарбасова2 , Ж.М.Бейсембаева3 2021. БОЛАШАҚ ПСИХОЛОГТАРДЫҢ ЭМОЦИОНАЛДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 63, 2 (Трав 2021). DOI:https://doi.org/10.51889/2020-2.1728-7847.32.