Мақалада қазіргі заман талабын қанағаттандыратын табысты оқыту мәселесі қозғалады. Осы сұрақты ашу үшін мақала авторы табысты оқытуды білім алушылардың табысты белсенділігін дамытумен байланыстырады. Автор әртүрлі әдебиеттерде белсенді іс-әрекетке берілген анықтамаларды тұжырымдап, өзінің жұмыс анықтамасын жасақтайды.
Ізденуші биология сабақтарында табысты оқыту жолдарын зерттеуге көңіл бөліп, оқушылардың белсенді ойлауын дамытуға мүмкіндік туғызатын оқу іс-әрекетін саралап, белсенді іс-әрекет теориясының даму тарихына шолу жасайды. Сондай-ақ, негізгі көзқарастарды келтіріп, классификациялайды.
Автордың пікірінше, қазіргі мектеп жағдайында білім алушылардың белсенділігін арттыруда шығармашылықпен орындайтын тапсырмалардың рөлі ерекше. Себебі, мұндай тапсырмалар оқушылардың шығармашылығын арттырып қана қоймай, ізденушілік-зерттеушілік жұмыс жүргізу дағдыларын қалыптастырады. Осы ойды басшылыққа ала отырып, автор ізденуші-зерттеушілік жұмысты кез-келген жаратылыстану пәнінің құрылымына енгізіп, оқушылардың белсенді іс-әрекетін қалыптастыруға болады деген қорытындыға келеді.