Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ БОЛАШАҚ АРНАЙЫ МҰҒАЛІМДЕРДІ КӘСІБИ ДАЯРЛАУ

Жарияланған October 2023

63

76

Аңдатпа

Арнайы инклюзивті білім беру педагогының кәсіби қызметі дәстүрлі педагогикалық қызметтің шеңберінде болады. Арнайы педагог әлеуметтік-педагогикалық, консультативтік-диагностикалық, реабилитациялық, психотерапевтік және басқа да «педагогикалық емес» қызмет түрлерімен айналысуы қажет. Инклюзивті білім берудің негізгі мақсаттарының бірі – зиятында ақаулығы бар оқушылардың білім алуына және қоғамға бейімделуіне мүмкіндік беру. Сондай-ақ заманауи мектептегі, оның ішінде инклюзивті білім беру мекемелеріндегі арнайы мұғалім дамыта оқыту технологияларын қолдануы, бірқатар кәсіби құзыреттіліктерге ие болуы керек.

Мақалада инклюзивті білім беру жағдайында арнайы мұғалімдердің жұмыс істеуге дайындығы мәселесінің әртүрлі аспектілері қарастырылған. Бұл мақалада арнайы оқытушы мамандығының маңыздылығы, құндылығы ашылып, университеттің педагогикалық кафедрасы мен ресурстық-әдістемелік орталығының бірлескен интеграциялық және ұйымдастырушылық қызметінің моделі қарастырылған.

pdf (English)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Abdykalikova M. T , ., Orazayeva G. , . і Izka Derizhan , . 2023. ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ БОЛАШАҚ АРНАЙЫ МҰҒАЛІМДЕРДІ КӘСІБИ ДАЯРЛАУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 76, 3 (Жов 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2023.76.3.014.