Мақалада буллинг және кибербуллинг ұғымдарыны мәні мен мазмұны ашылып, буллингке қатысушылардың негізгі сипаттамалары агрессор және жәбірленуші, балалар мен жасөспірімдер арасында буллинг және кибербуллингтің таралу себептері берілген. Олардың арасында қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының төмендеуі, ересектердің (ата-аналардың, мұғалімдердің), сонымен қатар балалардың өз өміріне қанағаттанбауы, отбасы және құрдастары арысындағы деградация. Мақалада балалардың физикалық және психологиялық денсаулығы мен олардың одан әрі әл-ауқаты үшін буллинг және кибербуллингтің салдары ерекше орын алатыны айтылған. Балалар мен жасөспірімдер арасында буллинг мен кибкербуллингтің таралуын, соның ішінде ұл және қыз балаларының, буллинг үдерісіне қатысу дәрежесін зерттеу нәтижелері келтіріліп, олардың таралуын азайту үшін қажетті шаралар туралы қорытынды жасалған.
BR18574152 «Балалар мен жасөспірімдер арасындағы буллинг және кибербуллинг мәселелерін ғылыми-теориялық және салыстырмалы-аналитикалық талдау» тақырыбындағы мақала ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің мақсатты-қаржыландыру бағдарламасы аясында жарияланды.