Аталған мақалада қоғамның заманауи даму жағдайында жасөспірімдердің әлеуметтік-психологиялық дамуы мен психологиялық денсаулығы мәселесі қарастырылған. Психологиялық денсаулық ұғымының мән-мағынасы мен мазмұны теориялық тұрғыда егжей-тегжейлі талданған. Заманауи қоғамда жасөспірімдердің психоәлеуметтік дамуы, психологиялық ерекшеліктері мен тұлғалық қасиеттері сипатталған. Айналадағы қоршаған әлеуметтік ортаның, заманауи қоғамдағы елеулі өзгерістердің жасөспірімдер мен өскелең ұрпақтың психоәлеуметтік дамуына, іс-әрекеттері мен мінез-құлықтарының қалыптасуына тікелей ықпалы мен әсері атап көрсетілген. Аталған мақалада ғұлама ғалымдардың көзқарастары мен ой-пікірлері егжей-тегжейлі талданған. Заманауи қоғамда жасөспірім тұлғасының жеке-дара дамуы мен қалыптасуы жан-жақты қарастырылған. Жасөспірімдік шақтағы өзіндік сана сезімнің қалыптасудың факторлары мен сатылары сипатталған.
ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ МЕН ПСИХОӘЛЕУМЕТТІК ДАМУЫ
Жарияланған May 2021
100
75
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Ф.Ә.Сахиева 1, С.Т.Мамадалиев 2, А.А.Акимбаев 3 2021. ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ МЕН ПСИХОӘЛЕУМЕТТІК ДАМУЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 63, 2 (Трав 2021). DOI:https://doi.org/10.51889/2020-2.1728-7847.27.