Бұл мақалада қазіргі таңдағы білім саласындағы түрлі өзгеріс-жаңалықтарға орай студенттердің оқу процесіне, жалпы жоғары оқу орнының білім беру ортасына адаптациялануындағы рефлексияның алатын рөліінң ерекшеліктері теориялық және әдіснамалық, әрі әдістемелік тұрғыдан да терең талданады.
Рефлексияны заманауи зерттеу жұмыстары оның келесідей аспектіде қарастыруды талап етеді: интеллектуалды, жеке тұлғалық және коммуникативті. Студенттік шақта психологиялық адаптацияланудың табыстылығын қамтамасыз ететін тиімді шара адамға орта мен жеке тұлға арасындағы қарама-қайшылықты қадағалап, талдап және шешіп отыруға мүмкіндік беретін құбылыс-рефлексия болып табылады. Рефлексия әлеуметтік және жеке-дара құндылықтар, мағына, қажеттіліктер арқылы «МЕН-социум» жүйесіндегі қарым-қатынас-байланыстардың үйлесімділігін және жеке ресурстарды қолдану арқылы «МЕН-академиялық талаптар» жүйесіндегі де байланыстарды қамтамасыз етеді.
Студенттердің ЖБҰ-дың оқу процесіне психологиялық адаптациялануын үздіксіз процесс деп қарау аса қажетті болып отыр. Рефлексия студенттердің түсініктері бойынша жеке тұлғалық белсенділікті реттеу шарасы екендігі көрсетілді. Ол сыртқы әлемді қайта құруға бағытталуы мүмкін, әрі сыртқы ортаның өзгермелі талаптарына орай, оның ішінде білім беру жағдайларының да өзгерістеріне қарай жеке өзіндік қайта құрылу да болады, сондықтан да студенттердің адаптациялық белсенділіктерін реттеудің маңызды шарасы болады.