Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ЖҮЙЕСІНДЕ АДАМИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР МЕН КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРДІ ДАМЫТУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

Жарияланған June 2023

82

34

Академия государственного управления при Президенте РК (филиал по Жамбылской области)
Аңдатпа

Мақалада жаһандық өзгерістер аясында, заманауи біліктілікті арттыру жүйесінің маңызы сипатталды. Кісілік құндылықтар және кәсіби құзыреттіліктерді дамытудың өзектілігі негізделді. Зерттеу «Өрлеу» акционерлік қоғамы (АО) Біліктілікті арттыру ұлттық орталығының (БАҰО) және Қазақстан Республикасы (ҚР) Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының (МБА) Жамбыл облысы бойынша филиалдарында өтті. Сыналушылар категориясын облыстың педагог-кадрлары және мемлекеттік қызметшілері құрады. Ғылыми-зерттеу жұмыстары соңғы екі жыл көлемінде жүргізілді. Зерттеу құралдары ретінде сыналушылардың құндылықтар өзгерісіне қол жеткізу және жауапкершілікті арттыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ ой-сана аясын кеңейтуге бағытталған заманауи психологиялық тәсілдер қолданылды. Бастапқы қалыпты анықтау жұмыстарынан кейін, құндылықтар мен пайымдарды реттеу жаттығулары жүргізілді және сонымен қатар, олардың маңызы мен өзектілігі түсіндірілді.

Зерттеу барысында сыналушылардың кісілік келбеттерінің дамуы мен кәсіби құзыреттіліктерінің қалыптасуының жоғары деңгейіне ықпал етуші фактор – ынталандырушы орта әлеуеті де қарастырылды. Ал, ең бастысы – психологиялық сүйемелдеу әдістері мен трансформациялық техникалардың стратегиялық әлеуетін талдай отырып, үздіксіз дамуға деген жеке ұмтылысқа қол жеткізілді. Жылдам өзгермелі, қарқынды даму үстіндегі және белгісіздік пен тұрақсыздық белең алған VUCA-ғалам талаптарына төтеп берудің бірден-бір жолы – тұлғаның өзіндік әлеуетін барынша дамыту стратегиялары анықталды: барлығын барынша айқындау, сезімталдық және тосын ойлар (тың идеялар), ой оралымдылығы және икемділік, өзгерістер катализаторы бола білу.

Берілген мақалада біліктілікті арттыру үрдісінде тыңдаушылардың кісілік келбеттерін жетілдіру мен кәсіби құзыреттіліктерін дамыту арақатынасының академиялық өлшемдері зерттелді. Маманның заманауи-әлеуметтік дағдылары мен өндірістік тиімділігін арттыратын психологиялық стратегиялар ұсынылды.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Оспанбаева, М., Г.У. Оралымбетова, . і А.С. Берденова, . 2023. БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ЖҮЙЕСІНДЕ АДАМИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР МЕН КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРДІ ДАМЫТУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СТРАТЕГИЯЛАРЫ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 75, 2 (Чер 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2023.75.2.021.