Бұл мақалада аралас оқыту жағдайында студенттер мен оқытушылардың цифрлық өзара әрекеттесуінің психологиялық-педагогикалық аспектілері көтеріледі. Авторлар аралас оқытудың мақсаты студенттерді өмірде табысқа жетелейтін өзін-өзі оқыту, өзін-өзі реттеу, рефлексия және топтық жұмыс дағдыларын дамыту екенін атап өтеді. Осыған байланысты, зерттеу барысында аралас оқытудың дидактикалық қана емес, психологиялық - педагогикалық аспектілеріне де басымдық берілді.
Ғылыми маңыздылығын студенттер мен оқытушылардың цифрлық өзара әрекеттесуінің психологиялық-педагогикалық аспектілерінің талдануы, аралас оқытудың педагогикалық дизайны құрылуы, оқытудың трансформациялануы жағдайында оқу процесі субъектілерінің цифрлық өзара әрекеттесуінің тиімді әдістерінің анықталуы құрайды. Практикалық маңыздылығын оқытушылар мен студенттердің өзара әрекеттесуін қамтамасыз етуге бағытталған оқу процесін жобалаудың психологиялық-педагогикалық құрылымы жасалуынан, студенттердің цифрлық өзара әрекеттесуінің қалыптасу деңгейін және оларды дамыту тәсілдерін зерттеу бойынша қорытындыларынан көруге болады.
Зерттеудің әдіснамалық негіздерін студенттерге бағытталған, жүйелік, белсенділік, тұлғаға бағытталған, интеграцияланған тәсілдер мен конструктивизм идеялары көрсетеді. Зерттеу әдістері ретінде теориялық әдебиеттерді талдау және цифрлық әлемде аралас оқытудың дидактикалық моделі мен принциптерін жасаудың әлемдік тәжірибесін қарастыру, жоғары оқу орындарында оқу процесін ұйымдастыру бойынша нормативтік база мен академиялық құжаттарды зерделеу алынды. Эксперимент барысында студенттер мен оқытушыларға сауалнама жүргізілді, әдістемелік құралдар әзірленді, эксперименттің қорытындылары жинақталды. Қорытындыда студенттер мен оқытушылардың цифрлық өзара іс-қимылының психологиялық-педагогикалық аспектілерін зерттеу бойынша қорытындылар берілген.
Бұл зерттеуді Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті (грант № AP14872099) «Цифрлық білім беру технологияларының интеграциясы негізінде жоғары оқу орындарында аралас оқытуды педагогикалық жобалау» қаржыландырады.