Жасөспірімдік ортадағы буллинг мәселесі күн сайын өзекті болып келеді. Білім беру кеңістігіндегі зорлық-зомбылықтың басты шарттарының бірі - жасөспірімнің жеке басына құрметсіздікпен қарау. Жасөспірімдер ортасындағы зорлық-зомбылық фактілерінің күн санап өсіп келе жатқан саны жас ұрпақтың психологиялық денсаулығын сақтау мен дамыту проблемасын өзекті етеді. Қалыптасушы тұлғаның психологиялық қауіпсіздігіне басты қауіптердің бірі - буллинг болып табылады.
Мақалада жасөспірім шақтағы буллинг феномені талқыланды, оның негізгі формалары, көріну белгілері көрсетілді. Буллингтің барлық қатысушылары үшін себеп-салдары бөлінді. Буллинг қатысушыларының жеке дамуына әсер ететін салдары сипатталады.
Қазіргі қоғамда жасөспірімдер коммуникативті әдістерді қолдануды ұмытып, өз көзқарасын әлеуметтік қолайлы тәсілмен қорғаудан бас тартты. Құрдастарына қатысты қатыгездік, қорлау, мазақ ету, төбелес, өсек, лақап ат қою жиілей бастады.
Буллинг - бұл жаңа түсінік және бірқатар әлеуметтік, психологиялық, құқықтық, педагогикалық мәселелерді қамтиды және қазіргі заманның маңызды мәселелерінің бірі болып табылады.
Мақалада буллингтің себептері мен оның салдары, сондай-ақ онымен күресуге болатыны туралы да айтылған. Буллинг мәселесі біздің елімізде де бар,оның үстіне жыл сайын өз ауқымы бойынша кеңейіп келеді.