Мақалада мектеп жасына дейінгі балалардың ойын арқылы коммуникативтік дағдыларын дамыту мәселесі қарастырылады. Мектепке дейінгі білім беруде дамытуға қажетті дағдылар түсіндіріледі. Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында креативтілік, сыни ойлау, коммуникативтілік және командада жұмыс істей білу дағдыларын дамыту қажеттілігіне басты назар аударылады. Баланың сөйлеу тілін дамыту үшін қарым-қатынас арқылы сөйлеу икемділігін жетілдіру қажеттілігі айтылып, қарым-қатынастың атқаратын функциялары көрсетіледі. Мектепке дейінгі ерте жас кезеңінен бастап, балаларды тәрбиелеу мен білім беру мақсатында ойын элементтерін пайдалана отырып дұрыс сөйлеу, қарым-қатынасқа еркін түсу, логикалық тапсырмаларды шешу арқылы коммуникативтілік дағдыларын дамыту жолдары айтылады. Мектепке дейінгі кезеңнің жетекші іс-әрекеті ойын туралы ғалымдардың ой-пікірлері талданып, қорытыланады.
ОЙЫН АРҚЫЛЫ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ КОММУНИКАТИВТІК ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ
Жарияланған May 2021
101
80
Аңдатпа
Тіл
Русский
Кілтті сөздер
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
А.М.Байкулова1, М.И.Минайдарова2, Л.И. Шалабаева³ 2021. ОЙЫН АРҚЫЛЫ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ КОММУНИКАТИВТІК ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 63, 2 (Трав 2021). DOI:https://doi.org/10.51889/2020-2.1728-7847.17.