Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

ТҰЛҒАНЫҢ ӨЗІНДІК САНА-СЕЗІМІН ДАМЫТУ ҮРДІСІНДЕ КОУЧИНГТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫН ЗЕРТТЕУ

Жарияланған March 2023

105

192

Академия государственного управления при Президенте РК (филиал по Жамбылской области)
Аңдатпа

Берілген мақалада «тұлғаның психологиялық дамуы – өзіндік сана-сезімнің кеңеюіне байланысты» тұжырымдамасы негізге алына отырып, оны ұлғайтудың заманауи құралы ретінде коучинг үрдісі қарастырылады. Коучинг барысында қолданылатын  технологиялардың көпшілігін психотехникалар құрайтындықтан, оның тұлғаны дамытудағы психологиялық  әлеуетін негіздеу де, осы мақала аясында қарастырылатын міндеттердің бірі болып табылады. Демек, қазіргі кезеңдегі коучингтік және психологиялық қызметтер интеграциясы немесе өзара байланысы арқылы тұлғалық дамуды қамтамасыз етудің жаңа тәсілдерін зерттеу өзектілігі негізделеді.

Мақалада тұлғаның өзіндік сана-сезімін арттыру жолында, коучинг үрдісінің пәрменділігі жоғары екені, оның тәжірибелік-экспресстік аспектілерімен сипатталды: қысқа мерзімде жоғары жетістікке бағдарлану немесе аз шығынмен көп нәтижеге қол жеткізу. Мәселен, нақты жағдайға қатысты өзіндік сана-сезімнің даму нүктесін өлшеу әрекетін клиенттің өзіне жүктеу процедурасы арқылы, оның жауапкершілігінің еселеп артуына себепкер болу; немесе өзіндік сана-сезімді дамыту траекторияларын маман мен клиенттің бірлесе құруы арқылы танымдық белсенділіктің жоғарылап, бастамашылдықтың қалыптасуы, т.б. Жүргізілген эксперименттік зерттеулердің нәтижесінде, өзіндік сана-сезімді дамыту үрдісінде анағұрлым тиімді деп анықталған коучингтік технологияларды қолдану оңтайлылығы дәлелденді. Зерттеу қорытындысы коучингтік сессия барысында, мәселені барынша айқындау (тұлға сұранысы аясында) кезеңінен бастап-ақ, өзіндік сана-сезімнің даму деңгейінің артатынын көрсетті: сұраныс түйінін тарқату ойға қозғау салып, сананы оятады; мәселенің шешімін табу жолдары жеке ресурстарды жұмылдыруға ықпал етеді; клиент пен маманның бірлескен әрекеті өзіндік сана-сезімнің жеке әлеуетінің ашылу деңгейін жылдамдатады. Осылайша, адамдарды шынайы арман-мақсаттарымен түйістіру барысында, өзіндік сана-сезімнің даму үрдісіне коучингтік технологиялар жоғары тиімділік танытатыны туралы зерттеу болжамы расталып, ұсынылған мақалада жан-жақты баяндалды.

Зерттеу материалдарын психология саласы бойынша әзірленетін білім беру бағдарламаларында, академиялық мақсатта қолдануға лайық.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Оспанбаева, М., Дүйсенова, Ж. і Ашықбаева, Г. 2023. ТҰЛҒАНЫҢ ӨЗІНДІК САНА-СЕЗІМІН ДАМЫТУ ҮРДІСІНДЕ КОУЧИНГТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫН ЗЕРТТЕУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 74, 1 (Бер 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/1728-7847.2023.1.74.029.